Банк ВТБ (Қазақстан) 2013 жылдың 3-тоқсандағы қаржы нәтижелерін хабарлайды

12.10.2013 Алматы – Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы 01.10.2013ж. жағдайы бойынша қаржы есептемесін жариялайды:

2013 жылдың басымен салыстырғанда негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштері:
• Банктің активтері 26% – 121 290 млн. теңгеге дейін өсті;
• Міндеттемелер 31% - 103 993 млн. теңгеге дейін көбейді;
• Банктің несие портфелі 101 875 млн. теңгені құрады, және 2013 жылдың басымен салыстырғанда 26% өсті. Несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде;
• Клиенттердің шот және депозиттегі қаржылар көлемінің өсуі жалғасуда, және 01.10.2013ж. 73 992 млн. теңгеге жетті, 2013 жылдың басымен салыстырғанда 42% көбейді; • 2013 жылдың 9 айдағы таза пайыздық табыс өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге көбейіп, 3 640 млн. теңгені құрады;
• 9 айда таза комиссиялық табыс өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көбейіп, 1 145 млн. теңгені құрады;
• 2012 жылдың ұқсас кезеңінің 773 млн. теңге таза шығынымен салыстырғанда Банк 2013 жылдың 9 айына 186 млн.теңге таза табысты алды.

Банк сәйкес келетін қажетті деңгейін қамтамасыз ету және Банк алдында қойылған міндеттерді жетістіктерге жылдам жеткізу мақсатында қолданыстағы бизнес-үлгілеріне және бастамаларына бақылау, бағалау және талдау жұмыстарын жүргізеді.

Банк ВТБ (Қазақстан) корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне арналған өнім және қаржы қызметтерінің тізбесін көбейтуді жалғастырады, ұсынылған сервистің сапасына және тиімділігіне тұтынушының барлық өсу талаптарын назарға ала отырып, жекеменшік каналдарын пайдаланып, нарықтың басқа қатысушыларымен әріптестік байланысты белсенді жақсартып, өз дистрибуциялық географиясын кеңейтеді.

Анықтамалық: Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін басқаратын халықаралық қаржылық тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).
ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.