Банк ВТБ (Қазақстан) «Жаңа жылға ВТБ-нің кредиттік картасымен» атты акция бастады

02.10.2013 Банк ВТБ (Қазақстан) «Жаңа жылға ВТБ-нің кредиттік картасымен» атты жаңа маркетингтік акцияны ұсынады, осы акция шеңберінде ақшалай сыйлықтардың ұтыс ойыны жүргізіледі. Акция 2013 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Науқанға қатысу үшін, науқан кезінде 2 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде лимиті бар Банк ВТБ-нің Visa кредиттік картасын ашу қажет немесе егер кредиттік карта науқан басталғанға дейін рәсімделген болса, кредиттік лимиттің 50%-ын пайдаланған жөн.

Жеңіске жету мүмкіншілігі мол, өйткені науқанға қатысушылар арасында 100 ақшалай сыйлық ұтыс ойнатылады. 2013 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейінгі 3 ай бойынша ай сайын шоттарды компьютерлік іріктеу арқылы, Банк 50 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлықтың 30 иегерін анықтап отырады. 2014 жылдың қаңтар айында, 150 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық алатын тағы да 10
жеңімпаз анықталады.

Динара Жакенова, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Бөлшек Сауда Бизнесін Дамыту Департаментінің Директоры: «Жаңа жылға ВТБ-нің кредиттік картасымен» атты акцияны жүргізе отырып, Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Visa кредиттік картасын ашқан клиенттерімізге, Жаңа жылдың алдында туғандары мен жақындарына сыйлық алуда қаржылық қиындық көрмеуі үшін «қыстың қамын жаз ойлау»ды ұсынамыз. Жаңа Акция – бұл оңтайлы лимиті бар тиімді кредит алудың мүмкіншілігі және кредиттеудің 60 күніне дейінгі жеңілдетілген кезеңі бар бағдарламамыздың артықшылықтарын пайдаланудың, сонымен қатар ақшалай сыйлық ұтып алудың ыңғайлы тәсілі.

Банк ВТБ (Қазақстан) 3 түрлі Visa кредиттік карталарын ұсынады: Visa Electron, Visa Classic және Visa Gold. Сонымен қатар, Банктің кредиттік карталары кредитті жабудың ыңғайлы кестесімен, сыйақы төлеуді үнемдеумен ерекшеленеді.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ-ның 100% еншілес Банкі болып табылады, Қазақстанда 2009 жылдан бастап жұмыс істейді.
Банкке Fitch Ratings Агенттігі тарапынан «BBB-»/ жоба «Тұрақты» деңгейінде халықаралық рейтинг берілген және бұл,оның тиімді әрі тұрақты қаржылық жағдайын көрсетеді.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары Ресей мен шетелдік нарықтарда қызмет атқаратын халықаралық қаржылық топты құрайды ВТБ тобы – бұл ТМД, Еуропа, Азия және Африканың 30 мемлекетіндегі 30-дан астам банк пен қаржылық компаниялар. ВТБ-ның негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).