Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Интернет банкинг

12.08.2013

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ өз клиенттері – жеке тұлғалары үшін «Online VTB» Интернет-Банкинг дистанциялық банктік қызмет көрсету - жаңа қызметін іске қосу туралы хабарлайды.

Бұдан былай, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ клиенттері Банкпен өзара әрекет етудің жаңа және ыңғайлы тәсілінің барлық артықшылығын пайдалана алады. Егер Банкке келуге уақытыңыз болмаса, қолыңызда Интернет желісіне қосылған смартфон немесе компьютер болғаны жеткілікті.

Интернет-Банкинг жүйесінде міндетті түрде тіркеу шарты, ол Клиенттің Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ шығарылған қолданыстағы төлем карточкасы болуы тиіс. Интернет-Банкинг сервисіне қосылу рәсімі барлық Банк төлем карточкаларының ұстаушыларына мүмкін.

Интернет-Банкинг жүйесінде жұмыс істеу мүмкіндігін алу үшін Банктің барлық Клиенттеріне міндетті түрде болып табылатын негізгі реттік іс-әрекеттерін орындау қажет:
1) Банктің кез келген төлем карточкасының негізгі иесі (Негізгі төлем карточканың ұстаушысы) болу;
2) Банкте тіркелген ұялы телефонының жеке нөмірі болу;
3) Интернет-Банкинг жүйесіне алғашқы кіру үшін PIN-кодпен қатар төлем карточкасымен бірге дербестендірілмеген парольмен жеке конвертті алу.
4) Интернет желісінде https://online.vtb-bank.kz. мекенжайы бойынша Интернет-Банкинг жүйесіне кіруге болады.
5) Сәйкестендіру рәсімін өту.
6) Банкте дистанциялық банктік қызмет көрсету жүйесінің негізгі пайдалану шартын сипаттайтын электрондық банктік қызметін ұсыну Шартымен танысып, қабылдау.

- Біз Интернет-Банкинг қызметін қосқанымыз үшін қуаныштымыз. Біздің Банк клиенттері үлкен жұмыс жасалғанын бағалайды деп сенеміз. Жаңа қызмет күнделікті жұмыстарды үзбей барлық операцияларды жүргізуге рұқсат береді. Енді кез келген ыңғайлы уақытта Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттері онлайн сатып алуларды жасайды, қызметтерге ақы төлейді, ағымдағы шотты жүргізеді, ақшалай қаражатының қалдығы және айналымы туралы мәліметтерді алады. Интернет-Банкинг арқылы ұялы, коммуналдық және басқа да қызметтерге ақы төлей алады. Электрондық өтінім арқылы төлем карточкасын қайта шығаруға, салымды ашу/жабу немесе банк қарызын ұсынуға мүмкіндіктері бар. Егер біздің клиент әлемнің кез келген жерінде болса, ал оның сенімді серіктесі – Банк ВТБ (Қазақстан) әрқашан жанында болады, - деп, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Бөлшек сауда бизнесін дамыту Департаментінің Директоры Динара Жакенова түсініктеме берді.