Банк ВТБ (Қазақстан) 2013 жылғы 2 тоқсандағы қаржы нәтижелерін хабарлайды

15.07.2013 Алматы – Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы 01.07.2013 жылғы жағдайы бойынша қаржы есептілікті жариялайды:

2013 жылдың басымен салыстыру бойынша негізгі қаржы және операциондық көрсеткіштері:

• Банк активтері 26%-ға – 121 736 млн. теңгеге дейін өсті;
• Міндеттемелер 32%-ға - 104 687 млн. теңгеге дейін көбейді;
• Банктің Кредиттік портфелі 93 359 млн. теңге құрады және 2013 жылдың басымен салыстыру бойынша 15%-ға өсті;
• Клиенттердің шоттары мен депозиттеріндегі қаражаттың көлемі өсуді жалғастырды және 2013 жылғы 01 шілдеге 2013 жылдың басымен салыстыру бойынша 41%-ға өсіп, 73 273 млн. теңгеге жетті;
• 2013ж. 1 жарты жылдықта таза пайыздық кіріс былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстыру бойынша 22%-ға көбейіп, 2 202 млн. теңге құрады;
• 1 жарты жылдықта таза комиссиялық кіріс былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстыру бойынша 1,7 есе көбейіп, 682 млн. теңгеге жетті.
• Банк ҚЕХС бойынша өзінің таза шығынын 3,1 есе қысқартты, ол 2013 ж. 1 жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 62 млн. теңге құрады.
• Банк қолданыстағы бизнес-модельдер мен сәйкестіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету және Банк алдында қойылған міндеттерге тез жету мақсатында бастамалардың мониторингі, бағалауы және талдауы бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.

Банк ВТБ (Казахстан) тұтынушының сапаға және ұсынылатын сервистің тиімділігіне өсіп келе жатқан талаптарын назарға ала отырып, корпоративтік және бөлшек клиенттер үшін өнімдік желіні және қаржы қызметтерінің тізбегін көбейтуді жалғастырды, сондай-ақ өзінің жолдарын, солай нарықтың басқа қатысушыларымен серіктестік байланысты белсенді орнатуды пайдаланып, өзінің дистрибуциондық географиясын кеңейтеді.

Анықтамалы:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ еншілес Банкі. 22.05.2009 жылғы №1.1.259 ҚР ҚҚА лицензиясы. Банкке «BBB-» деңгейінде халықаралық рейтинг берілді./ Fitch Ratings Агенттігінің «Негативті» болжамы, ол оның оң және тұрақты қаржы жағдайы туралы куәландырады.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Баспасөз қызметі Тел.: (727) 330-40-72 Факсі: (727) 330-40-50 E-mail: pr@vtb-bank.kz www.vtb-bank.kz Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары өз қызметін ресейлік және шетелдік нарықта жүргізетін, халықаралық қаржы тобын құрайды. ВТБТобы – бұл ТМД-ның, Еуропаның, Азияның және Африканың 19 елінде 20 астам банктер мен қаржы компаниялар. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%). ВТБ Тобы жеке және корпоративтік клиенттерге банктік қызмет көрсетуді, лизингті, факторингті, сақтандыру мен зейнетақымен қамтамасыз етуді қоса алып, инвестициялық-банктік және қосымша қаржы қызметтерін қоса алып, қаржы қызметтерінің толық спектрін ұсынады.