Жаңа банк өнімі – «Кепілдік тобы»

27.06.2013 Банк ВТБ (Қазақстан) ірі және орта бизнестің корпоративтік клиенттеріне арналған жаңа өнімін ұсынады – «Кепілдік тобы».

Кепілдік тобы – Банк клиенттеріне сенімді дебиторлармен келісімшартты қамтамасыз ету үшін қосымша кепілзатсыз банк кепілдігін алуға рұқсат беретін банк өнімі.

«Кепілдік тобы» өнімі – бұл кепілдіктердің келесі түрлерін ұсыну:

• посттендерлік міндеттелерімен тендерлік кепілдіктер;
• міндеттемелерді орындайтын пост тендерлік кепілдік;
• міндеттемелерді орындайтын кепілдік
(оның ішінде – сапа кепілдігі);
• алдын ала төлемді қайтару кепілдігі (алғытөлемдік төлем);
• бір жолғы шығару түрінде, сондай-ақ елдің ірі компанияларымен келісімшарттары бар Қазақстан Республикасының резиденттеріне, заңды тұлғаларына арналған несиелендіру лимиті шегінде алғытөлемді мақсатқа сай пайдалану кепілдігі.

Жаңа өнімнің тағы да бір ерекшелігі бар – кепілдікті 2 жыл мерзімге алуға мүмкіндік бар. Кепілдікті шығару кезінде клиенттің қосымша келісімшарты болуы тиіс.

- Біз ірі және орта бизнес өкілдері үшін жаңа банк өнімін жасадық, бұл біздің клиенттерімізге аз уақытта тиімді келісімшарттарды жасауға және оны ойдағыдай іске асыруға банк кепілдігін алуға рұқсат береді. Егер Сіздің тұрақты ақша ағынымен табысты компанияңыз болса, және Сіз сенімді дебиторлармен (ұлттық компания, мемлекеттік орган) келісімшартты жасауды жоспарлап отырсаңыз, онда Банк ВТБ (Қазақстан) Сізге әрқашан көмектесуге дайын - деп, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Корпоративтік бизнесті дамыту департаментінің директоры Ольга Емельянова түсіндірді.