Банк ВТБ (Қазақстан) Соғыс Ардагерлерін Жеңіс Күнімен құттықтады

08.05.2013

Бүгін Банк ВТБ (Казахстан) Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас Консулдығымен бірлесіп,

Ұлы Жеңістің 68 жылдығына орай, Соғыс ардагерлеріне арналған дәстүрлі, кезегі бойынша төртінші мерекелік қабылдау өткізді.

Мерекелік асқа 100-ден астам соғыс және еңбек фронтының ардагерлері шақырылды. Соғыс қатысушыларын бірге құттықтау жақсы дәстүрге айналды – міне төрт жыл болды Банк және РФ Бас Консулдығы бірге ардагерлерді құрметтейді.

Үлкен бөлігі 90 жас мерейтойын атап өткен ардагерлер мерекелік асқа шақыруды қуанышпен қабылдады,
өйткені олар, Соғыс қаһармандары үшін – Жеңіс Күні бұл өз майдандастырымен кездесу, өз өмірлерін Жеңіс үшін бергендерді еске алу және құрметтеу мүмкіндігі.

Алла Пономарева, Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Ардагерлерді құттықтай отырып, атап өтті: «Біздің жүрегімізде сіздердің ерліктеріңіз мәңгілік сақталады. Әр отбасында басқыншыларды жеңуге үлес қосқан өз аталары мен бабалары, туыстары мен жақындары туралы әңгіме қозғалады. Сіздерге ұзақ өмір, күш-қуат және тек құанышты сәттер тілеймін.».

Тек бейбітшілік орнасын, біздің балаларымыз бен немерелеріміз ешқашан соғыс қайғысын және жоқшылығын көрмесін.