Шымкент қаласының «ВТБ картасымен Париждегі демалыстар» акциясының жеңімпазымен сұхбат

17.04.2013

Өткен жылдың соңы ақырзаманды күтумен, ал сосын оның болмағандығы қуанышпен есте қалды. Және де Visa халықаралық төлем жүйесімен бірлесіп өткізілген «ВТБ картасымен Париждегі демалыстар» акциясының қорытындысы да жүргізілді. Дегенмен акция қатысушылары үшін ұтыс ойынының нәтижесі қандай болсын ақырзаманнан да маңызды болды. Ақырзаман туралы әлдеқашан ешкім де еске түсірмейді, ал Банк ВТБ (Қазақстан) ұтыстары мәңгібақи жеңімпаздардың естерінде қалады.

Естеріңізге түсірейік, акция бүкіл Қазақстан бойынша 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 30 қарашаға дейін өтті.

Акция кезінде осы карточканы пайдаланып, әлемнің кез келген елінде әрбір сауда және сервис кәсіпорындарында тауар мен қызметтеріне төлеу бойынша кез келген сомаға оннан кем емес ақшасыз транзакцияларын жүзеге асырған Банк ВТБ (Қазақстан) VISA халықаралық төлем карточкаларының иелерінде ғана Акцияға қатысу мүмкіндігі болды.

«Париждегі демалыстар» акциясының жүлделі қоры:

· 3 IPad3;

· Парижге бару үшін 5 сертификат (әр сертификат екі адамға).

Акцияның жеңімпаздарын компьютер, транзакция нөмірлерін кездейсоқ таңдау арқылы анықтады. Күздің әр айының қорытындысы бойынша IPad3 жеңімпаздары анықталды, ал 2012 жылдың 11 желтоқсанында Банк Парижге сыйлаған жолдаманың бақытты иелері белгілі болды.

Акцияның үш жеңімпазы Ipad3 ұтып алды: Алматы қаласынан сауда фирмасының менеджері Руслан Исабеков жұмыста планшетті пайдаланып, осының арқасында ол оңтайлы және көп затты жасап үлгеретін болды; Астана тұрғыны Ляззат Нуртазанова өз жеңісін туған күннен бірнеше күн өткен соң білді – Банк ВТБ (Қазақстан) өзгеше сыйлық болды; ал Петропавл қаласының өкілі Наталья Букина Ресей де тұратын туысқандарымен сөйлесу үшін жаңа гаджетті меңгеріп жатыр.

Бас жүлденің ұтысы – Парижге екі адамға арналған 5 жолдаманы акцияға қатысқандардың барлығы күтті. Бірақ жеңіс туралы хабар барлықтарына күтпеген жерден болатыны белгілі. Тіпті, ештеңеге қарамастан, көптеген клиенттер Парижге демалысты ұтып алу үшін Банк ВТБ (Қазақстан) төлем картасын өздеріне арнайы ашып алды.

Міне бақытты адамдар анықталды, Франция астанасына жолдаманы кім ұтып алды? Барлығы 10 адам болды: Евгений және Татьяна Кауфман Тараз қаласынан, Елена Самойленко жұбайы Евгений Байбулатовпен Павлодар қаласынан, алматылықтар Ирина Копытина, Светлана Виноградова, Досан Бекежанов және Гульнара Разметова, Шымкент өкілдері Дмитрий Дейна және Валерия Решетникова.

Дмитрий Дейна былай дейді: «Есімде, Жаңа жылдан кейін Банк ВТБ (Қазақстан) менеджері бірінші немесе екінші жұмыс күні маған телефоннан Парижге жолдама ұтып алдыңыз деп айтты. – Мен оған бірден қалжыңдамаңыз дедім. Бірақ бойжеткен бұл әзіл емес екендігін бірталай уақытқа дейін мені көндіріп тұрды. Қажетті құжаттарын алып келуді сұрады.

- Бұл әзіл емес екендігіне қалай сендіңіз?

- Бәлкім, ұшаққа отырып, белдікті тағыңыз деп сұрағанда, қуып шықпайтынына көзім жетті (күледі). Мұнда бір сұмдық бар екендігі маған көріне берді, шынында былай болмайды, бәрі бір бірдемеге төлейміз деп ойладым. Бұл құпия емес, қазіргі уақытта акцияның бірнеше түрлері бар, бірақ көбісінің сәл кейінірек «сыйлықтары» «шығып қалуы» мүмкін.

- Банк ВТБ (Қазақстан) картасын әдейі акция үшін аштыңыз ба?

- Біздің қаламызда филиал ашылған бойдан, мен бірден картаны аштым. Банк менің үйімнен көп алыс емес, 5 минуттық жерде орналасқан, өте ыңғайлы. Банктің бірінші клиенті болдым. Барлығы менің көңілімнен шығады – кезекке тұрмайсын, қызмет көрсетуі өте жақсы, бәсекелік баға. Жанында тағы да үш банк бар, бірақ мен Банк ВТБ таңдадым.

- Банкті таңдау кезінде Сіз неге сүйендіңіз?

- Банк ВТБ – ресейлік банк секторының лидері. Бұрын осы банк туралы естуім бар, сондықтан оның қызметтерімен пайдаланатынымды шештім. Бұл жер маған ұнайды.

- Сіздің ұтысыңызға қайтып келетін болсақ, Сіз осы уақытқа дейін Парижде болдыңыз ба?

- Еуропада осы кезге дейін болған жоқпыз, сондықтан әйеліміз екеуіміз мұндай мүмкіндікке қатты қуандық. Бұл керемет саяхат. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған: өте қымбат қонақүй, Алматыға дейін ұшып өту, сыпайы сөйлесу, адалдық және ашықтық – Банк ВТБ (Қазақстан) және оның қызметкерлеріне үлкен рақмет! Парижді бір апта ішінде аралап шықтық, барлығы қатты ұнады. Және ауа-райы да жақсы болды. Саяхат ертегідегідей болды.

- Достарыңыз және туысқандарыңыз ұтыстарыңызды көп уақытқа дейін әңгімелеген шығар?

- Туысқандарымыз басында білген біздің ұшатынымызды, ал достарымызға айтқан жоқпыз – көз тиеді деп қорықтық. Ата-аналарымыз – жолдаманы сатып алдың, ал банкті өзің ойдан шығарып алдың деп сенген жоқ. Соңында барлығы сенді, бірақ осы уақытқа дейін шынында акцияға қатысып, сыйлық ұтып алуға болатынына әлі таң қалады. Бізден басқа Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен жеңімпаздар болғанына көзіміз жетті. Барлығы – Банк ВТБ (Қазақстан) қарапайым клиенттері. Бұл әрине ұмытылмайды! Өмірімде мұндай акцияларды көрмедім. ВТБ үнемдеген жоқ, үндемей өз адамдарын жіберген жоқ. Банк жұмысын жоғары деңгейде атқарды. Бұл басшылыққа және қаржы институтына үлкен құрмет.

- Дмитрий, бұрын осыған ұқсас акцияларында бірдеме ұтатынсыз ба?

- Мұндай акцияларды бұрын көрген емеспін. Мен құмарлы адам емеспін – ешкімге сенбей, өзім ақша тауып, үйренгенмін. Интернет арқылы затты сатып алу үшін карточка қажет болды. Акция туралы естідім, бірақ ұтып аламын деп ойламадым. Картаны пайдаландым, транзакцияларды жүргіздім, осының арқасында Парижге екі адамдық жолдаманы ұтып алдым – бұл ертегі емес пе?!

- Осындай акцияларға қатысқысы келетін немесе келмейтін адамдарға өз тілегіңіз …

- Егер акцияны осындай ВТБ (Қазақстан) сияқты банк өткізсе, міндетті түрде қатысу қажет. Кез келген ұтып алатындарға әйеліміз екеуіміз – «нақты» үлгіміз. Алғашқы қадам жасау қажет, сосын сыйлық өзі сені тауып алады. Барлықтарыңызға сәттілік, ал Банк ВТБ (Қазақстан) кәсіби өсу, табыс, жақсы клиенттерді және үлкен жеңісті тілеймін!