Банк ВТБ (Қазақстан) 2012 жылдың қаржы нәтижелерін хабарлайды

29.04.2013

Алматы – Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы 2012 жылдың нәтижелері бойынша қаржы есептілігін жариялайды:

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштері:

· Банктің активтері 55% - 96 588 млн. теңгеге дейін өсті;

· Міндеттемелер 77% - 79 477 млн. теңгеге дейін көбейді;

· Банктің несие портфелі 80 830 млн. теңге көлемінде құралды, және 2012 жылдың басымен салыстырғанда 77% өсті. Теңдестірілген несие саясаты несие портфелінің сапасын жоғары деңгейде сақтайды;

· Клиенттердің шот және депозиттегі қаржылар көлемінің өсуі жалғасуда, және 31.12.2012ж. 2012 жылдың басымен салыстырғанда 73% көбейіп, 52 006 млн. теңгеге жетті;

· Таза пайыздық табыс, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,9 есеге көбейіп, 4 057 млн. теңгені құрады;

· Таза комиссиялық табыс, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,7 есе көбейіп, 1 005 млн. теңгеге жетті;

· Банк ХҚЕС бойынша 3,7 есеге өзінің таза шығындарын қысқартты, бұл 2011 жылдың 1 807 млн. теңгемен салыстырғанда 2012 жылдың қорытындысы бойынша 487 млн. теңгені құрады. Біріншіден шығындарды азайту үшін Банктің қолданыстағы бизнес-үлгілерін жақсарту бойынша оңтайландыру жұмыстары, сонымен қатар жұмыс істейтін несие портфелінің өсуі және операция көлемінің көбеюі әсер етті.

2009 жылы Қазақстанда өз қызметін бастаған еншілес Банкісі ұсынылатын қызметтерінің сапасына және қол жетімділігіне назар аудара отырып, негізгі баланс көрсеткіштерінің және операциялық шығындарының тұрақты өсу тенденциясын көрсетуді жалғастырады. Корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне арналған нарықтың басқа қатысушыларымен әріптестік байланысты жақсартып, жекеменшік каналдарын пайдаланып, өз дистрибуциялық географиясын белсенді дамытып, өнім және қаржы қызметтерінің спектрін кеңейтеді.

2012 жылдың негізгі оқиғалары:

· 2012 жылдың шілдесінде Банк VISA халықаралық төлем жүйесінің банк-қатысушысы деген негізгі мәртебені алды. Желтоқсанда Банк VISA компаниясының сертификатымен белгіленді: «Қазақстанда карточка бизнесін белсенді дамытқаны үшін»;

· 2012 жылдың қарашасында Банк «Қазақстанның Халық банкісі» АҚ тікелей хост аралық біріктіруді қосты. Халық Банкінің желісімен ВТБ төлем карталарын біріктіріп, Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттері пайдаланатын банкоматтардың санын он есеге көбейтті;

· 2012 жылдың қарашасында Алматы қ. әкімдігімен және Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

2012 жылы Банк ВТБ (Қазақстан) жақсы нәтижелерін көрсетті. Бөлшек сауда несие портфелінің көлемі жылдың басындағы 9,8 млрд. теңгемен салыстырғанда 27,5 млрд. теңгені құрады. Корпоративтік несие портфелінің өсуі 18,6 млрд. теңгені немесе 51% құрады. Бұл көрсеткіштер клиенттердің Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ сенімділігін артады. Біз мұны бағалаймыз және сервистің сапасын үнемі арттыру үшін, және біздің Банктің клиенттері еуропа стандартына сай қаржылық қызметтерін алуға қол жеткіземіз, - деп Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы Сергей Гусаров айтып шықты.

Анықтамалық:

ВТБ Тобы туралы ақпарат

Банк ВТБ ААҚ және оның еншілес банкілері (бұдан әрі – ВТБ тобы немесе Топ) жетекші ресей қаржы тобы болып табылады, Ресейде, ТМД, Батыс Еуропа, Азия және Африка елдерінде банк қызметінің толық спектрін ұсынады.

ВТБ тобы корпоративтік-инвестициялық және бөлшек сауда банкинг саласында жұмыс істейді.

ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%).

Банк ВТБ (Қазақстан) туралы ақпарат

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі

ҚР Банк 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істейді (ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.256 лицензиясы). Жеке және заңды тұлғаларына банк қызметтерінің толық кешенін ұсынады.

Банк Қазақстанның 17 қалаларында ұсынылған.