Банк ВТБ (Қазақстан) 2013 жылдың 1-тоқсандағы қаржы нәтижелерін хабарлайды

12.04.2013

Алматы – Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы 01.04.2013ж. жағдайы бойынша қаржы есептілігін жариялайды:

2013 жылдың басымен салыстырғанда негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштері:

· Банктің активтері 10% - 106 474 млн. теңгеге дейін өсті;

· Міндеттемелер 13% - 89 424 млн. теңгеге дейін көбейді;

· Банктің несие портфелі 84 716 млн. теңгені құрады, және 2013 жылдың басымен салыстырғанда 5% өсті. Бұл орайда несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде;

· Клиенттердің шот және депозиттегі қаржылар көлемінің өсуі жалғасуда, және 01.04.2013ж. 2013 жылдың басымен салыстырғанда 16% көбейіп, 60 539 млн. теңгеге жетті;

· 2013 жылдың 1 тоқсандағы таза пайыздық табыс, өткен жылмен салыстырғанда 28% көбейіп, 1 037 млн. теңгені құрады;

· 3 айдағы таза комиссиялық табыс, өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есе көбейіп, 284 млн. теңгеге жетті;

· Банк ХҚЕС бойынша 4,3 есеге өзінің таза шығындарын қысқартты, бұл 2013 жылдың 1 тоқсандағы қорытындысы бойынша 61 млн. теңгені құрады.

· Банк сәйкес келетін қажетті деңгейін қамтамасыз ету және Банк алдында қойылған міндеттерді жетістіктерге жылдам жеткізу мақсатында қолданыстағы бизнес-үлгілеріне және бастамаларына бақылау, бағалау және талдау жұмыстарын жүргізеді.

Банк ВТБ (Қазақстан) корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне арналған өнім желісінің және қаржы қызметтерінің тізбесін көбейтуді жалғастырады, ұсынылған сервистің сапасына және тиімділігіне тұтынушының барлық өсу талаптарын назарға ала отырып, жекеменшік каналдарын пайдаланып, нарықтың басқа қатысушыларымен әріптестік байланысты белсенді жақсартып, өз дистрибуциялық географиясын кеңейтеді.

Анықтамалық:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі

ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.

Банкке Fitch Ratings Агенттігінен «BBB-»/«Тұрақты» болжам деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды.Бұл банктің оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін басқаратын халықаралық қаржылық тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 19 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 20 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%). ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.