Банк ВТБ (Қазақстан) бүкіл елмен Наурыз мерекесін тойлайды

22.03.2013

Наурыз – көне заманнан келе жатқан бүкіл халықтық мереке. Бұл мерекені әлемнің көптеген елдерінде атайды, және күн мен түннің көктемгі теңесуімен байланысты адам мен табиғаттың бірлігін, сұлулықтың, махаббаттың құдіретін, жаңа өмірдің туылғанын бейнелейтін әр халықтың өзінің салт-дәстүрлері бар. Филиал болып ұсынылатын Банк ВТБ (Қазақстан) Республиканың барлық облыс орталықтарында әртүрлі және көтеріңкі көңілмен көптен күткен Наурыз көктем мерекесін тойлап өткізді.

Мысалы Петропавл қ. филиалы өз клиенттеріне Ашық есік күнін өткізді. Филиал әртүрлі шарлармен әдеміленіп, Банктің корпоративтік фильмі көрсетілді. Кіре берісте клиенттерді филиалдың қызметкерлері қарсы алып, дәстүрлі бауырсақтармен, чак-чакпен, кәмпиттермен, печеньемен, жемістермен, хош иісті шайлармен жайылған мерекелі дастарханға шақырды. Мереке алдындағы күні әрбір келушіге сыйлықтарды сыйға тартып, барлық клиенттерді таң қалдырды және қуантты . Бұл оқиғаны «Қазақстан» республикалық телеарнасы байқап, Петропавлдағы Банк ВТБ (Қазақстан) қонақжай филиалы туралы репортаж жасады.

Клиенттер өркендеу және амандық тілектерімен көптеген жылы сөздерді айтты. Клиенттердің алғыс сөздері – Банк ВТБ үшін бұл ең үлкен марапат.

Ақтау қаласындағы Банктің филиалы Наурыз мерекесін қазақтың ұлттық тағамдарын дайындаумен бастады және Банктің клиенттеріне мерекелік дастарханды жасады, өйткені қазақтың ескі салт-дәстүрі бар: қай-қайсысы үйге таза ниетпен келсе міндетті түрде оларға сый көрсету қажет.

Филиалдың әрбір қызметкері келесі тағамдарды – палауды, бауырсақты, шелпекті ақжүрекпен, жан жылуымен дайындады.

Ұлттық өрнектермен әшекейлендірілген қамзолдарды киіп, Банк ВТБ Филиалының қызметкерлері қонақтарды еріксіз тартатын күлімсіреумен, өз қолдарымен дайындаған тағамдарды ұсынып, қарсы алды. Мұндай назар салғанға әрбір келуші өзінің ризашылығын білдірді.

Тараз қаласындағы Банк ВТБ (Қазақстан) филиалының ұжымы Достық алаңында өткен Наурыз мерекесіне арналған жалпы қалалық шарасына қатысты.

Таңертеңнен бастап қаланың орталық алаңында көптеген халық шуылдап, көтеріңкі көңілмен жүрді. Қаланың басшылығы ресми сөзбен мерекені салтанатты түрде ашып, содан соң сахналандырылған көрініске айналды. Көрермендер алдында атты әскерлер көріністерін көрсетті.

Қаланың тұрғындарына және қонақтарына арналған кәсіпорындармен және мемлекеттік мекемелерімен тігілген аппақ қардай киіз үйлер тұрды. Мерекелік бағдарлама көптеген әртүрлі мәдени-ойын сауық және спорттық шараларды көрсетті.

Тараз қаласындағы филиал қалғандарынан қалмай, жағымдыны пайдалы жағдаймен біріктіріп – қаланың орталық алаңында BTL-акциясын өткізді, тұрғындарды көктемгі мерекесімен құттықтап, әлеуетті клиенттерге дейін ВТБ қызметі туралы негізгі ақпаратты жеткізді.

Ешкім назарсыз қалмады – ересектер банк өнімдері сипатталған буклеттерін алды, ал балалар Банктің логотипі бар әдемі шарларын алды.

Қаланың тұрғындары Банк ВТБ білетіндеріне бізді қуантады. Көбісі кеңес алуға емес, филиал қызметкерлерін халық мерекесімен құттықтауға келді, ынтымақтастығы үшін ризашылықтарын білдірді.

Орал қаласы – Банк ВТБ (Қазақстан) жергілікті филиалдары үшін Наурыз мерекесін тойлау орны болды. Әріптестерге қонаққа Ақтөбе және Атырау қалаларынан филиал қызметкерлері келді.

Себелеген жаңбыр қала қожайындарының және қонақтарының мерекелік көңіл-күйлерін бұзған жоқ. Жергілікті филиал, салт-дәстүрге сүйене отырып, мерекелік кешкі тамақты ұйымдастырды, нағыз қонақжайлылығын көрсетті. Қонақтар да қарызда қалған жоқ – Ақтөбе өкілдері вокалдық және би өнерлерімен жарқ ете қалды, атыраулықтар КВН әзіл-ойын көріністерін көрсетіп шықты. Бір сөзбен айтқанда, әрбір қалада және өңірде мереке іске асырылды.