Басқарушы Комитетінің ВТБ тобының бөлшек сауда бизнесі жөніндегі Үйлестіру Комиссиясының отырысы

18.03.2013

Алматыда Басқарма Төрағасының - Президент орынбасарының, ВТБ24 Бөлшек сауда бизнес департаментінің директоры Екатерина Петелинаның төрағалығымен Басқарушы Комитетінің ВТБ тобының бөлшек сауда бизнесі жөніндегі Үйлестіру Комиссиясының отырысы өтті.

Банк ВТБ бас кеңсесінің және еншілес ұйымдарының өкілдері 2012 жылғы жұмыс нәтижелерін, бизнес Тобының даму стратегиясын талқылады, 2013 жылғы басымдық жобаларын іске асыру кезеңдерін белгіледі.

- Сәлеметсіздер ме, достар. Алматыда кездескеніме өте қуаныштымын. Өте әдемі қала, өйткені ол жылы және жайлы. Бүгінгі өтіп жатқан қандай шара? Біз тоқсан сайын барлық еншілес банктерінің басшыларын кездестіреміз. Бұл жылғы кездесу біз үшін өте маңызды, өйткені бұл 2012 жылғы бөлшек сауда бизнес тобының даму қорытындысын шығаруға және 2013 жылғы бизнесті дамыту жоспарын бекітуге арналған. 2012 жылғы қазақстандық ВТБ нәтижелері анық. Өткен жылы ВТБ (Қазақстан) көшбасшы болғанын батылдықпен айтуға болады. Ол жеке тұлғалардың несие портфелінің ең жоғарғы өсуін көрсетті. Егер 2012 жылдың басында қазақстандық банк біздің қатарымызда соңғының алды болса, бұл жаман емес – өйткені банк әлі жас, дамып келе жатыр, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ВТБ (Қазақстан) бөлшек сауда активтері бойынша екінші орынға ие болды, бұл сөзсіз үздік нәтиже болып табылады. Қазақстандық команда өзінің жетістіктерімен мақтануға құқығы бар. Әріптестерім үшін қуанып, акционердің атынан оларға осындай жақсы дамуды тілеймін, - деп Екатерина Петелина айтып кетті.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ үшін 2012 жыл базалық көрсеткіштерінің өсуімен есте қалды. Бөлшек сауда несие портфелінің көлемі жылдың басындағы 9,79 млрд. теңгемен салыстырғанда 27,53 млрд. теңгені құрады. Жеке тұлғалардың тұтынушылық несиесінің көлемі 285% 13,24 млрд. теңгеге дейін көбейді.

2012 жылы шағын бизнес субъектілеріне арналған 3 жаңа өнімдер іске қосылды: «Премиум несие» - ірі клиенттерді тартуға арналған арнайы өнім, «Шағын бизнеске арналған жылдам несие» - клиенттер арасында ең танымал, жеңілдетілген қаржылық талдау кестесміен, «Шағын бизнеске арналған Овердрафт» – бұл талап етілген және табысы мол өнімдердің бірі.

- 2013 жылы ВТБ (Қазақстан) бірнеше жаңа банк өнімдерін шығаруға ойы бар - несие «Коммерсант» - бизнес меншіктенушілеріне арналған экспресс-несие, «Банк ВТБ жүйесі бойынша тез аударымдар». Біздің уақытта жаңа технологиялар қарқынды темппен дамып жатыр, және біз бұған сәйкес келуге және клиенттердің күндегі өміріне көмек беретін қызметтерді ұсынуға тырысамыз. Сондықтан біз Интернет-банкинг, ұялы банкинг, сервис смс-хабарландыруларды қосуды жоспарлап отырмыз. Заңды тұлғалар «Саудалық эквайринг» қызметіне қол жеткізеді. ВИП кеңсесін ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы Сергей Гусаров жоспарларымен бөлісті.

2012 жылдың маусымында Банк Visa халықаралық төлем жүйесінің негізгі мүше мәртебесіне ие болды. Қараша айында «Қазақстанның Халық банкі» АҚ хост аралық қосылу іске қосылды, бұл Банк ВТБ (Қазақстан) төлем карточкаларының ұстаушыларына қосымша комиссиясыз «Халық Банктің» банкоматтарымен пайдалануға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде ВТБ (Қазақстан) 30 жекеменшік банкоматы бар. 2014 жылға дейін олардың санын 63 дейін көбейту жоспарда.

Осы жылы Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ чиптік төлем карточкаларын және халықаралық несие карточкаларын шығарды. Сондай-ақ, сыйақы карталарын (Platinum, Infinite) шығару жоспарланып отыр. Банк ВТБ (Қазақстан) карта ұстаушыларына банкомат арқылы қызметтерге төлем жүргізуге рұқсат беріледі.

2013 жылдың бірінші қаңтарында Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттерінің жалпы саны үш есеге көбейді.

Анықтамалы:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ АҚ-ның 100% еншілес Банкі.

Банк Visa халықаралық төлем жүйесінің қауымдастырылған мүшесі болып табылады және төлем карталарының меншік эмиссиясының құқығына ие.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары өз қызметін ресейлік және шетел нарықтарында жүргізетін, халықаралық қаржы тобын құрайды. ВТБ Тобы – бұл ТМД, Еуропаның, Азия мен Африканың 19 елінде 20-дан астам банктер мен қаржы компаниялары. ВТБ негізгі акционері- Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%). ВТБ Тобы жеке және корпоративтік клиенттерге банктік қызмет көрсетуді, инвестициондық-банктік және лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыруды қоса алып, қосымша қаржы қызметтерін қоса алып, қаржы қызметтерінің толық спектрін ұсынады.