Банк ВТБ (Қазақстан) несие картасы

06.03.2013

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ жаңа банк өнімін – Халықаралық несие карточкасын ұсынады.

Банк ВТБ (Қазақстан) Халықаралық несие карточкасы – бұл кез келген сатып алуларды және қызметтерді жаңа және жайлы тәсілмен төлеу. Сіз қай жерде болмасаңызда, қажетті сома әрқашан Сіздің қол астыңызда.

Жеңілдікті кезең ішінде несиені толық өтеген жағдайда несие карталары Банкке сыйақыны төлемей қажетті соманы пайдалануға мүмкіндік береді. Тағы да ВТБ (Қазақстан) халықаралық несие карточкасының артықшылығы – сыйақы тек қана пайдаланған несие сомасына есептеледі.

Мүмкіншілікті қазір пайдаланыңыз, кейінге қалдырмаңыз. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Сізге әрқашан көмектесуге дайын.

- Біздің клиенттеріміздің мүмкіншіліктерін кеңейтуге рұқсат беретін жаңа банк өнімін ұсынуға қуаныштымыз. Банк ВТБ (Қазақстан) Халықаралық несие карточкасы – бұл сенімді дос сияқты, әрқашан көмектесуге дайын. Қалаулы сатып алуды неліктен кейінге қалдыру керек, егер оны қазір жасауға болатын болса, ал белгіленген уақыт ішінде бөліп, төлеуге болады – деп, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ банк карталарын басқару бастығы Роза Иманғалиева айтады.

Банк ВТБ (Қазақстан) Халықаралық несие карточкасы – бұл 2 000 000 теңгеге дейін, 60 күнге дейін жеңілдік кезеңімен 36 ай мерзімге жаңартылмалы несие желісі.