Банк ВТБ (Қазақстан) транзакциялық бизнесті дамытады

01.02.2013

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ транзакциялық бизнесті белсенді дамытуға ниеттенеді, бұл үшін Банктің ұжымдық блогының құрылымында транзакциялық бизнестің арнайы жаңа бөлімшесі (Global Transaction Banking) құрылды. Мамандар транзакциялық бизнесті барлық банктік операциялардың «өмір сызығы» деп атайды. Себебі клиент пен банк арасында жүзеге асырылатын қаржылық операциялардан тәуелсіз ақша құралдарының қозғалысы, ликвидтілікті және айналым капиталын басқару қажеттігі туындайды.

Банк ВТБ (Қазақстан) транзакциялық бизнестің кең өнімдік желісін ұсынуға дайын: есептік-кассалық қызмет көрсету – теңгемен/шетел валютасымен жүргізілетін төлемдер және аударымдар, қолма қол ақшалай қаражатпен жүргізілетін операциялар, айырбастау операциялары және валюталық бақылау; ликвидтілікті басқару өнімдері – кең филиалдар желісі бар компаниялар үшін қолда бар ресурстарды біріктіру бойынша шешімдер; есептеулерді орталықтандыру, бюджеттеу, шоттардағы қаражатты шоғырландыру бойынша қазынашылық бөлімдеріне арналған жеке шешімдер, банк салымдары; сауда қаржыландыру өнімдері – құжаттамалық аккредитивтер және инкассо, банктік кепілдіктер және халықаралық қаржылық институттар қаражатынан қаржыландыру. Осының барлығы технологиялық күрделі және сонымен қатар клиентке бағытталған электрондық банктік платформаларда жүргізіледі. ВТБ тобының кең желісі осының бәрін тек жергілікті деңгейде ғана емес, сонымен қатар топ таралған барлық географиялық аймақ бойынша құрылымдарымызды тарту арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Біздің өнімдеріміз бен қызметтеріміз компанияның операциондық және қаржылық тиімділігін арттыруға, айналым капиталын оңтайландыруға, қауіптерді төмендетіп, шығындарды азайтуға көмек көрсетеді. Біз өз клиенттеріміз үшін тек қызмет көрсетуші банк емес, толыққанды әріптес болуға талпынамыз.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ транзакциялық бизнес атты жаңа бағытын аталған салада тек қазақстандық банктерде ғана емес, сонымен бірге шетелдік қатысумен банктерде жұмыс тәжірибесі бар Жанар Ержанова басқарды. Жас, алайда жоғары білікті әрі белсенді мамандардың жаңа тобымен бірге ол Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ транзакциялық бизнесінің дамуымен айналысатын болады.