Банк ВТБ (Қазақстан) төлем карталары – қауіпсіздіктің жаңа деңгейі

20.01.2013

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ, 2013 жылдың 11 қаңтарынан бастап Банк ВТБ төлем карточкалары EMV стандартына өткенін хабарлайды. Бұл төлем карточкаларының индустриясында қорғаудың жоғарғы деңгейіне қол жеткізеді.

EMV (Europay, MasterCard және VISA) — чиппен банк карталары бойынша операцияларға арналған халықаралық стандарты. Бұл стандарт Europay, MasterCard және Visa компанияларының ортақ күштерімен, қаржы операцияларының қауіпсіздік деңгейін көтеру үшін дайындалған.

Чиптің магниттік жолымен салыстырғанда қорғаудың жоғарғы деңгейі бар. Банк операцияларында картаны теңдестіретін, чиптің құпия кілті қорғалатын жадыда сақталады. Ол чиптің жадысында дайындау кезеңінде жазылады, және оны сыртқы құрылғылар көмегімен, сол чиптің тұтастығын бұзбай, шығаруға мүмкін емес. Чиптің пин-коды банктің компьютерімен тексерілетін магниттік жолының пин-кодынан басқа, сол чиппен тексеріледі. Бұл жағдай пин-кодтың қағып алуын қиындатады. Сонымен қатар чип магниттік жолынан басқа магнит өрісінің әсеріне ұшырамайды.

- Банк ВТБ өз клиенттеріне-Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ карта ұстаушыларына сапалы жаңа деңгейде қызмет көрсетуге ауысады. Біздің Банктің ең басты ерекшелігі – еуропалық деңгейде қаржы қызметтерін ұсыну. Жаңа чип карталары біздің клиенттеріміздің қаржы операцияларының қауіпсіздік деңгейін көтереді, - деп Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ банк карталарын басқару бастығы Роза Имангалиева айтып өтті.

EMV жаңа карточканы шығару, немесе магниттік жолы бар төлем карточкасын EMV төлем карточкасына ауыстыру Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ кез келген бөлімшесінде жүзеге асыруға болады.

Анықтамалық:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ - бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі.

Банк Visa халықаралық төлем жүйесінің қауымдастырылған мүшесі болып табылады, және жекеменшік төлем карточкаларының эмиссиясына құқығы бар.

Банктің эквайринг құрылғыларының желісінде 24 банкомат және 42 POS-терминалдар бар, Қазақстанның 17 ірі қалаларын қамтиды.

2012 жылдың 30 қарашасында Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ «Қазақстанның Халық Банкісі» АҚ тікелей хост аралығын қосты.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін басқаратын халықаралық қаржылық тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 19 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 20 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%). ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.