Банк ВТБ (Қазақстан) арқылы Чехияға Contact жедел аударымдары

11.12.2012

CONTACT төлем жүйесі өз клиенттері үшін Чехияға ақша аударымдарының қолжетімділігін арттыруға және жөнелту мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған жобалар қатарын жүзеге асырды: CONTACT жүйесіне елімізде Чехияның ірі банктерінің бірі - Ceska Sporitelna банкінің 600-ден астам бөлімшелері қосылған; аударымдардың тарифтік кестесі уақытша айтарлықтай төмендеу жағына қарай қайта қарастырылған.

2012 жылғы 10 желтоқсаннан бастап CONTACT ақша аударымдарын Чехияда орналасқан Ceska Sporitelna банкінің 645 бөлімшесінде алу мүмкіндігі бар. Операциялардың валютасы: аударымды АҚШ долларында немесе еурода аудару, төлеу – чех крондарымен. Бұл кезде жөнелтуші тікелей ақша аударымын рәсімдеу кезінде нақты төлем сомасы туралы ақпаратты ала алады. Аударымдар жөнелтілген күннен бастап үшінші жұмыс күнінде төлеуге қолжетімді болады.

Сонымен қатар, 2012 жылғы 10 желтоқсаннан бастап 2013 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңге CONTACT жүйесі Чехияға Ресей мен таяу шетел елдерінен жөнелтілген ақша аударымдарына комиссияларды төмендету бойынша акция жүргізуде. Мысалы, 1000 $/€ жөнелту үшін клиент соманың 1,9% (минимум 2 $/€), 1000 $/€ -3000 $/€ аралығындағы сома үшін – соманың 1,75%, 3000 $/€ жоғары соманы жөнелту үшін – соманың 1,6% төлеуі тиіс. Жаңа комиссиялар сондай-ақ қолма қол, үйге чекті әкелу, Money Polo арқылы шотқа аудару сияқты аударымды төлеу нысанынан тәуелсіз Чехиядағы өзге CONTACT төлем пункттеріне де таралады.