Талдықорған қаласындағы Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ филиалы – мереке күні мақтау

26.11.2012

2012 жылы 15 қарашада Алматы облысының әкімдігінде Ұлттық валюта «теңгені» енгізу күніне орайластырылған мәжілісі өтті, бұған Талдықорған қ. екінші деңгейдегі банктің барлық басшылары (қаланың 12 Банкілері), сонымен қатар облыс Әкімдігі құрылымының басшылары қатысты.

Мәжілісті Алматы облысының әкімі Ансар Мусаханов ашты. А. Мусаханов өз сөзінде Банктің жұмысын жоғары деңгейде бағалады, және барлық қатысқандарды мерекемен құттықтады. Облыс Әкімінің сөйлеген сөзінен кейін, Алматы облысы Әкімі аппаратының басшысы сөз сөйлеп, облыс экономикасының дамуына үлес қосқаны үшін алғыс хатын тапсырды. Талдықорған қаласындағы Банк ВТБ (Қазақстан) ұжымы облыс экономикасының дамуына үлес қосқаны үшін жеке алғыс хатпен марапатталды.

Бұдан басқа, құрмет грамотасымен БТА Банк АҚ, Сбербанк АҚ ЕБ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, сонымен қатар облыстың кейбір мемлекеттік құрылымдары марапатталды.

- Мұндай марапатты алу – бұл филиал жұмысының сапалық белгісі. Талдықорған қ. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ филиалының үлесі облыс деңгейінде бағаланатыны бізді қуантады, өйткені филиалға болар-болмас 1 жыл толды, - филиал директоры Жалғас Қасымбеков құрметтеп бағалады.