Банк ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғаларға арналған «VIP» салымды орналастыру мерзімін өзгертеді

18.10.2012

Құрметті клиенттер!

Банк ВТБ (Қазақстан) 2012 жылдың 17 қазанынан бастап «VIP» салымның орналастыру мерзімін толықтырады: егер бұрын Банк клиенттері үш уақытша диапазоннан – 12, 24 және 36 айларын таңдаса, қазір 60 айға дейін мерзімге депозит ашу мүмкіндігі пайда болды.

Динара Жакенова, Бөлшек сауда бизнесін дамыту департаментінің директоры: ««VIP» мерзімді салым ақшаны сақтау мезгілін көбейтіп, біздің нақты және әлеуетті клиенттеріміздің назарын Банктің жоғары көрсеткіштері, атағы және тұрақты қаржы жағдайы клиенттердің жеке жинақ ақшаларын сақтау кепілдігі болып табылатынына мән береміз. Банк ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі 75% үлесімен, және ресей рейтингілік агенттіктері Банк ВТБ сенімділіктің жоғары тобына қатыстырады».

«VIP» салымы – бұл ерекше клиенттерге арналған эксклюзивтік банк сервисі.

Бұл Сіздің мәртебеңізді және қызмет көрсетуге жоғарғы талабыңызды ескере отырып, құрылған.

Банк ВТБ (Қазақстан) біздің командамыздың кәсіпқойлығын және қаржылық ВТБ Тобының сенімділігін, жекеменшік банк қызмет көрсету тәжірибесінен ең жақсы шешімдерін үйлестіретін капиталға жеке қызмет көрсету бағдарламасын ұсынады.