Банк ВТБ (Қазақстан) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін «Лояльный» жаңа жедел салымын ұсынады.

09.10.2012

Банк ВТБ (Қазақстан) жаңа өнімді - заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге өз қаражаттарын сақтауға ғана емес және оларды арттыруға мүмкіндік беретін, «Лояльный» жедел салымын енгізу туралы хабарлайды.

«Лояльный» салымының негізгі басымдықтары - қаражатты теңгеде, ресей рублінде және АҚШ долларында орналастыру мүмкіндігі. Жәнеде соманы ішінара қолданылудан алып тастауды және салымға қосымша жарналар енгізуді жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

Салымның ең төмен сомасы – 5 000 000 теңге, 35 000 АҚШ доллары, 1 000 000 ресей рублі, сақтау мерзімі бір айдан үш жылға дейін.

- «Лояльный» жаңа салымының арқасында, біз клиенттік базаны кеңейтуді, демек заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің депозиттерінің сегментінде Банк ВТБ үлесін көбейтуді жоспарлап отырмыз, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Корпоративтік бизнесті дамыту департаментінің директоры Ольга Худиева.