Банк ВТБ (Қазақстан) жылдың аяғына дейін тағы 20 банкоматты орнатуды жоспарлап отыр

05.10.2012

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ ағымдағы жылдың аяғына дейін бүкіл республика бойынша тағы 20 банкоматты орнатуды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ филиалдарында және қосымша бөлімшелерінде орналасқан 24 банкомат жұмыс істейді.

Банкоматтардың көбісі елдің қаржы орталығында Алматы қаласында орналасқан.

Банк ВТБ (Қазақстан) «Қазақстанның Халық Банкісі» АҚ-мен хост аралық қосу жобасын іске қосуды жоспарлап отырғаның белгілеу қажет. Осы жобаның негізгі артықшылығы, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ карта ұстаушыларына қолма-қол ақшаны алу кезінде комиссиядағы шамалы айырмашылықпен, «Қазақстанның Халық Банкісі» АҚ банкомат және бөлімшелерінің желілерін пайдалану мүмкіндігі болып табылады.

Банктің клиенттері үшін төлем карточка арқылы қызмет көрсету кезінде қосымша банкоматтарды орнату және хост аралық қосу жобасы үлкен артықшылық болып табылады.