Банк ВТБ (Қазақстан) БАҚ үшін баспасөз конференциясын өткізді

27.09.2012

27 қыркүйек 2012 жылы Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ бас кеңсесінде Басқарма төрағасы Сергей Гусаровтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Қаржы институтының басшысы осы жылғы 8 айдың жұмысына есеп берді. Журналистермен Ресей, Қазақстан, Армения, Украина елдерінде ВТБ 4 еншілес банкілерінде бір уақытта бейнеконференция форматында алғашқы кездесу өтті.

Қазақстандық Банк ВТБ ұсынғандар:

  • Гусаров Сергей Николаевич – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы;
  • Костян Александр Викторович – Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі;
  • Туралиева Ирина Игоревна – Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі;
  • Жакенова Динара Картаевна – Бөлшек сауда бизнесті дамыту департаментінің директоры.

 Сергей Гусаров Банктің корпоративтік несие портфелі 2012 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша 25% 45,75 млрд. теңгеге дейін өскенін хабарлады.
Бөлшек сауда несие портфелінің көлемі 2 еседен астам көбейді және 21,4 млрд. теңгені құрады. Есеп беру кезеңінде тұтынушылық несие көлемінің өсуі 245 % құрады.

«Клиенттерге қызмет көрсету үшін біз ВТБ тобының ең үздік тәжірибесін қолданамыз. Халықаралық стандарттар және сапалы сервис – клиенттің санын арту кепілзаты, біз бұларды қарыз алушы сияқты емес, ал Банк ВТБ (Қазақстан) әріптестері ретінде жайғастырамыз» - деп, Сергей Гусаров айтып өтті.

  • Заңды тұлғалар 4 түрлі валютада 2 048 шот ашып, 411,3 млрд.теңге, 4,23 млрд рубль, 543,8 млн. ЕАВ (доллар/еуро) астам сомада 108 745 ақша аударымдарын жіберді;
  • Жеке тұлғалар арасында клиенттердің саны 2,5 есеге көбейді, 44 617 аударымдар жіберілді;
  • Банк орта және ірі бизнес компанияларына 516 несиелерін берді;
  • Бұдан басқа, біз валютаны белсенді сатамыз және сатып аламыз, сейфтік ұяшықты жалға береміз. 2012 жыл Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ бірнеше оқиғалармен белгіленді:

2012 жыл Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ бірнеше оқиғалармен белгіленді:

Кейбіреулерін атап өтсек:

- 2011 жылы маусымда «Розница.kz» тәуелсіз зерттеу агенттігінің нәтижелері бойынша: Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттерге сапалы қызмет көрсету бойынша Алматы қаласында ең үздік Банк болып аталды (23 банк арасында).

- 2012 жылдың 10 қыркүйегінде Банк ВТБ (Қазақстан) 12 500 төлем карталарын шығарды. Өткен жылдың деректемелерімен салыстырғанда төлем карталарын шығару 2,5 есеге өсті.

- осы жылдың 27 маусымында Банк Visa халықаралық төлем жүйесінің банк-қатысушысының негізгі мәртебесін алды.

- осы банктер бойынша KYC және DD рәсімін толық жүргізіп, Азия, Еуропа, Американың 20 астам халықаралық банктерімен байланыстырма қатынастары белгіленді. Жыл аяқталғанға дейін Банк шешімді жылдам қабылдау үшін және «Қазақстанның Халық банкісі» АҚ тікелей хост аралықты қосу үшін интернет-банкингті, скорингті іске қосуға жоспарлап отыр. Сонымен қатар, чиптік және сыйақы төлем карталарын шығаруды жоспарлап отыр.

 Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі. Банк Visa халықаралық төлем жүйесінің негізгі мүшесі болып табылады, және төлем карталарын шығаруға құқығы бар.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін басқаратын халықаралық қаржылық тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 19 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 20 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%). ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.