Атырау қаласындағы Банк ВТБ (Қазақстан) филиалы клиенттері үшін «2020-бизнестің жол картасы» Бағдарламасының тұсаукесерін өткізді

29.08.2012

Атырау қ. Банк ВТБ (Қазақстан) филиалы, «Даму» «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бірге «2020 - бизнестің жол картасы» (бұдан әрі – 2020-БЖК) Бағдарламасы бойынша тұсаукесерін өткізді. Тұсаукесерде Банктің клиенттерімен және «Даму» Қорының өкілдері қатысты.

Атырау облысының «Даму» Қоры» АҚ өңірлік филиалының директоры - Қайранбаев Е.С. өңірде 2020-БЖК іске асыруы және кәсіпкерлерге көрсетілген қаржылық және қаржысыз қолдаулары туралы айтып кетті.

Егер бизнесмендер Бағдарламаға сәйкес, Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына арналған экономиканың басым секторларының тізбесіне кірген жағдайда, сонымен қатар 01.01.2010 жылдан кейін берілген несиелер бойынша болса, онда Мемлекет жағынан көмек алуы мүмкін.

«2020-БЖК» Бағдарламасы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
  • Кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
  • Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;
  • Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту және басқа.

Эдуард Байгужин, Атырау қ. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Филиалының Директоры:

«Бұл кездесуге облыс кәсіпкерлерін шақырып, Банк ВТБ (Қазақстан) «2020-БЖК» Бағдарламасын іске асыру үшін белсенді қатысатынын және біз шың көңілдерімізбен біздің қарыз алушылардың несие мөлшерлемесін төмендетуге көмек көрсететінімізді, нақты және әлеуетті клиенттеріне жеткізгіміз келіп отыр».

Тұсаукесер қатысушылардың белсенді сұхбаттасуымен өтті, меморгандармен және Банкпен өзара әрекеттесуіне, Бағдарламаны іске асыру механизіміне қатысты әртүрлі сұрақтар қойылды.