«Банк ВТБ картасымен Париждегі демалыстар» Акциясы

31.08.2012

Банк ВТБ (Қазақстан) Visa халықаралық компаниясымен бірге «Банк ВТБ картасымен Париждегі демалыстар» акциясын жүргізеді.

Акция барлық Қазақстан бойынша, 2012 жылдың 1 қыркүйегінен 30 қарашасына дейін жүргізіледі.

Акция кезінде әлемнің кез келген елінде әрбір сауда және сервис кәсіпорындарында тауар мен қызметке осы карточканы пайдаланып, оннан аса ақшасыз транзакциясымен төлеуді жүзеге асырған Банк ВТБ (Қазақстан) VISA халықаралық төлем карточкаларының иелері Акцияға қатысуы мүмкін.

«Париждегі демалыстар» Акциясының жүлделі қоры:

  • Үш IPad;
  • Парижге бару үшін 5 сертификат (әрбір сертификат екі адамға).

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ банктік карталарын басқару бастығы Роза Иманғалиева: «Акцияның жеңімпазын кездейсоқ компьютерге қатысты транзакция нөмірін іріктеу арқылы анықтаймыз, яғни – акция кезінде клиент неғұрлым қызметке төлеу, ақшасыз сатып алуларды көп жасаса, ұтыстың мүмкіндігі жоғары болады. Әрбір күз айының қорытындысы бойынша біз IPad иелерін анықтаймыз және Банк 2012 жылдың 11 желтоқсанында бақытты клиенттерді айқындап, Парижге сапарға шығуды сыйлайды».

Қазақстандықтарды «Париждегі демалыстар» Акциясы туралы ақпараттандыру үшін, Банк ВТБ елдердің 17 қалаларында сыртқы жарнаманы, радио және Internet жарнамаларын қамтитын масштабты жарнама компаниясын іске қосады.


Анықтамалық:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі. Банк Visa халықаралық төлем жүйесінің қауымдастырылған мүшесі болып табылады, және жекеменшік төлем карточкаларының эмиссиясына құқығы бар.

Банктің эквайринг құрылғыларының желісінде 23 банкомат және 42 POS-терминалдар бар, Қазақстанның 17 ірі қалаларын қамтиды.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін басқаратын халықаралық қаржылық тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 19 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 20-дан астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%). ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.