Банк ВТБ (Қазақстан) «Шағын бизнеске арналған жедел несиені» ұсынады

27.08.2012

Банк ВТБ (Қазақстан) шағын бизнеске арналған жаңа өнімді – заңды тұлғалардың, заңды тұлғаны құрмастан жеке кәсіпкерлердің, нотариустердің, адвокаттар мен жеке сот орындаушыларының қаржыландыруды жедел алуға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін арнайы дайындалған Жедел несиені енгізу туралы хабарлайды.

Жаңа өнімнің негізгі артықшылығы – Қарыз алушылар мен кепіл қамтамасыз етуді қарапайымдандырылған сызба бойынша талдау арқылы жедел түрде қаржыландыруды ұсыну.

«Жедел несие» айналым қаражатын толықтыру, негізгі қаражатты алу және жетілдіру, өзге Банктердегі қарызды қайта қаржыландыру және өзге де мақсаттарға бағытталуы мүмкін.

«Жедел несие» максимальді 150 млн. теңгеге (немесе 1 млн. АҚШ доллары) дейінгі сомада 3 айдан 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Несиені теңгемен, доллармен және ресейлік рубльмен алуға болады.

Банк ВТБ қазақстандық кәсіпкерлерге түрлі бизнес-міндеттерді сәтті орындауға мүмкіндік тудыра отырып, шағын бизнеске арналған түрлі несие түрлерін ұсынады.

2011 жылдан бастап 2012 жылғы 01 тамызға дейінгі кезеңде Банк ВТБ (Қазақстан) шағын бизнеске 700-ден астам несие ұсынды, 2012 жылға өсім 46%-дан астам көрсеткішті құрады.