Банктің Алматы филиалының алаңы кеңейтілді

10.08.2012

Гоголь к-сі, 39 «а» (Зенков к-сінің бұрышы) мекен-жайы бойынша жұмыс істейтін, Банк ВТБ (Қазақстан) Алматы филиалы 568 шаршы метрге кеңейтілген алаңда жұмысын істеп бастады.

Алаңды кеңейту толық көлемінде және жақсартылған жағдайларда корпоративтік клиенттерге, шағын бизнес өкілдеріне және халыққа қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді.

Арнаулы заңды тұлғаларға ыңғайлы болу үшін, қосымша касса жарақтандырылды.

Филиалдың барлық жаңа бөлмелері Банк ВТБ корпоративтік стандарттарына қатаң сәйкестікте рәсімделді.

Асхат Көксалов, Банк ВТБ (Қазақстан) Алматы филиалының Директоры: «Біз Алматының қонақтары мен тұрғындарын кеңейтілген офиске шақыруға және жоғары сапалы деңгейде кәсіби қызмет көрсетуді ұсынуға қуаныштымыз. Банктік қызметтердің барлық спектрі: валюта айырбастаудан, аударымдардан және төлем карточкасынан қолма қол ақшаны алудан – есеп айырысу-кассалық қызметке және корпоративтік бизнесті қаржыландыруға дейін».

Алматы филиалының жұмыс тәртібі: үзіліссіз жұмыс күндері сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, сенбіде 15.00-ге дейін.