Банк ВТБ (Қазақстан) Оңтүстік Қазақстан облысында қағазды өндіру бойынша зауыттың құрылысына несиелік лимитті белгіледі

09.08.2012

620 млн теңгеден астам (4,1 млн АҚШ долларынан астам) сомасындағы несиелік желі қағаз өнімдерін бөлшек сату саласында жұмыс істейтін, компанияға ұсынылды.

Зауыт құрылысы аяқталу кезеңінде тұр, қағазды байқау үшін шығару тамыздың соңына жоспарланды. Компания жоспарлары бойынша, зауыт толық өндірістік тәртіпте қыркүйектен бастап жұмыс істейді.

Компания тобының тарихы қағаз өнімдерінің шағын көтерме саудасынан бастамасын алды. Топтың одан әрі дамуының қажеттілігін түсініп, компания акционерлерімен одан әрі даму және тік интеграцияланған құрылымды салу мүмкіндігі туралы шешім қабылданды. Жоспардың бастапқы кезеңі қағазды өндіру бойынша зауыт салу болды. Нарық Ресейлік және Батыс өндірішулерімен толы екенін есепке ала отырып, топ қиындыққа мойымай және Банк ВТБ (Қазақстан) көмегімен зауытты салу бойынша инвестициялық жобаны бастады.

Компанияның келешектегі жоспарларында топты дамыту және макулатураны қайта өңдеу арқылы алғашқы қағаз өнімдерін өндіру бойынша жаңа зауыт салу.