2011 жылдың қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) қызмет көрсету сапасы жағынан Алматыдағы ең жақсы Банк

04.06.2012

kozhevnikov-0093-IMG_0351.jpg«Розница-KZ» тәуелсіз консалтинг компаниясымен өткізілген зерттеу қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) қызмет көрсету сапасы жағынан Алматыда 23 банк ішінен ең жақсы деп танылады.

Зерттеулер 2011 жылдың аяғында – 2012 жылдың басында «Mystery shopping» (құпиялы сатып алушы) әдісімен өткізілді.  
Зерттеу аясында сценарий бойынша әрбір банкке 3 сапар жасалды: депозитті орналастыру бойынша кеңес беру, тұтынушылар несиесі бойынша кеңес беру және төлем карточкаларын алу бойынша кеңес беру.  Жалпы әрбір банкке 9 сапар жасалды. Сауалнама 45 сұрақтан тұрды, және қызметкерлердің сыртқы түрін, клиенттермен тілдесу кезінде қызметкерлердің қылығын, амандасу формасын, тілдесуде ынтагерлік білдіруді, клиенттің қажеттілігін табуды, шешімдер нұсқауының тұсаукесерін, қарсылық және күмәндану жұмыстарын, клиентпен тілдесуді дұрыс аяқтауды бағалады.

Алматыда орташа қызмет көрсету деңгейі 72,62 % құрады, бұл «жақсы» деген санатқа сәйкес келеді. 2010 жылы көрсеткіш 74,6% құрады, 2009 жылы банк секторында қызмет көрсету деңгейі «қанағаттанарлық» шәкілінде болды және  64,6% құрады.
2011 жылы қызмет көрсету сапасы жағынан бірінші орынды Банк ВТБ (Қазақстан) алды - 85%, бес жеңімпаздар ұсынылды - Kaspi Bank – 81%, Asia Credit Bank – 79%, Еуразиялық Банкі – 78%, HSBC – 75%. 

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы Сергей Гусаров: «Біз тәуелсіз зерттеулер нәтижесімен мақтанамыз, өйткені Банкте бөлшектік бизнес 2010 жылдың шілдесінен бастап жарысқа кірді, ал жекеменшік карталардың эмиссиясын 2011 жылдың тамыз айынан бастадық.       Біздің Банктің сапалы  қызмет көрсетудің жоғары деңгейі бөлшектік бизнесте сатудың тиімді үлгісі туралы куәландырады, бұны барлық ВТБ Тобы пайдаланады.  Бүгінгі күні сатудың коммерциялық үлгісі Банктің барлық бөлімшелерінде енгізілген, бұл бізге нарықта тиімді бәсекелесуге және елде ең жақсы банктік сервисті ұсынуға рұқсат береді.  Біз әрқашан сапалы және кәсіптік қызмет көрсетуге тырысамыз.

«Розница_KZ» компаниясының Retail-кеңесшісі, компания тобының директоры Анна Пацюк: «Қазақстанда 2007 жылдан бастап «Розница_KZ» компаниясы әртүрлі retail-секторларында қызмет көрсету деңгейіне тәуелсіз салалық зерттеулер өткізумен айналысады. Біздің компания жарнама берушілермен жұмыс істемейді, және өз бетімен тәуелсіз зерттеулерді қаржыландырады. «Құпиялы сатып алушылардың» басты міндеті менеджерлер қаншалықты тілдесуге жақын екендігін, клиенттің қажеттілігін анықтап, қанағаттандыратынын, қызмет көрсету стандарттарын ұстайтынын бағалау». 

Банк ВТБ (Қазақстан) болашақта клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсетуді сақтауға, және енгізілген коммерциялық үлгісімен бөлшектік өнімдерді сату бойынша жұмыс істеуге ниет етеді.  

 

Анықтамалық:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі. Банк 24 сауда орындарын филиалдар торабымен қамтиды, Қазақстанның 17 ірі қалаларында жұмыс істейді. ҚР Банк 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істейді (22.05.2009ж. ҚР ҚБА №1.1.256 лицензиясы), жеке және заңды тұлғаларға банк қызметінің толық кешенін ұсынады.