Банк ВТБ (Қазақстан) 2011 жылғы қаржы нәтижелері туралы хабарлайды

27.04.2012

Graphic1_gorizont_vishe.jpgАлматы – Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамының Еншілес ұйымы 2011 жылғы нәтижелері бойынша қаржы есептілігін жариялайды:


Өткен жылмен салыстырғанда негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштері:

  • Жарғылық капитал 11 млрд. теңгеге көбейіп, 20 млрд. теңгені құрады;
  • Банктің активтері 2,8 есеге – 62 470 млрд. теңгеге дейін өсті;
  • Міндеттемелер 3,3 есеге - 44 872 млрд. теңгеге дейін көбейді;
  • Банк активтерінің құрылымында несие портфелінің үлесі 25,4 % өсті. 2011 жылғы несие портфелінің өсімі 35 344 млн. теңгені немесе 342,2% құрады. Несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде;
  • Клиенттердің шот және депозиттегі қаржылар көлемінің өсуі жалғасуда, және 31.12.2011ж.   30 047 млн. теңгеге жетті, бұл 2010 жылдың көрсеткіштеріне қарағанда бірталай көбейді;  
  • Таза пайыздық табыс, өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есе көбейіп,  1 400 млн. теңгені құрады;
  • Таза комиссиялық табыс, өткен жылмен салыстырғанда 3,4 есе көбейіп,  375 млн. теңгеге жетті;
  • Таза шығынның 1 807 млн. теңгеге дейін (2010 жылмен салыстырғанда 3,4 есе) өсуі жоспарланған филиал жүйелерінің даму шығындарына, қызметкерлердің көбеюіне  және Банктің белсенді өсуіне байланысты.     

 

2009 жылы Қазақстанда  өз қызметін бастаған еншілес Банк ВТБ бизнес-жоспардың болжамды көрсеткіштерінің асуын көрсетіп, өте жоғары қарқынмен дамиды.    
2011 жылы Банктің филиал жүйелерінің құрылысы аяқталды, бұл Қазақстан Республикасының 17 қалаларын қамтиды, 24 сату орындары бар.
Банк  клиенттерді тартуға бағытталған бәсекелесуге қабілетті банк өнімдерінің толық спектрін ұсыну үшін жаңа өнімдердің енгізуін жалғастырды.        

Ольга Дергунова, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Директорлар кеңесінің төрайымы, Банк ВТБ ААҚ Басқарма мүшесі: «Өткен жылдың қазақстандық Банк ВТБ қаржы нәтижелері келесіні куәландырады, өлшеу саясаты мен белсенді даму бағыты Банкке Қазақстанның банк секторында сенімді тіркелуге рұқсат берді. Банк өнімдері бойынша жүйені дамыту және нарықта осы күнгі жаңа ұсыныстарды шығару несие және депозиттік портфелін көбейтуге мүмкіндік туғызды.        


2011 жылғы негізгі оқиғалары:
Маусым 2011 жыл - Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ шетелдік валютасымен биржа сауда-саттықта қатысу құқығымен «валюта нарығының мүшесі» категориясы бойынша «Қазақстандық қор биржа» АҚ мүшесіне қабылданды,
Қазан 2011 жыл – Банк клиенттеріне арналған халықаралық төлем карточкаларын жаппай шығарылуы басталды. 2011 жылы 4 160 төлем карточкалары шығарылды. Банктің эквайринг құрылғыларының жүйелерінде 23 банкомат, 42 POS-терминал бар, және Қазақстанның 17 ірі қалаларын қамтиды.
Банкке  Fitch Ratings агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжамы халықаралық рейтингі ұсынылды. Бұл банктің оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. 


Сергей Гусаров, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы: «2011 жыл Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ үшін табысты және өңірдегі банк бизнестің белсенді өкілдер арасында позицияларды нығайту  жыл болды. Өткен жылы 14 000 астам клиенттерге – жеке және заңды тұлғаларға, шағын, орта және ірі бизнес өкілдеріне  қызметтер ұсындық. 2011 жылы ірі бизнестің несиелері  10 459 млн. теңгеге немесе 197,3 % өсті. Банк ВТБ брендіне жоғары деңгей сенімділік және клиенттерге сапалы қызмет көрсету арқасында нарықтың өз үлесін жаулауды жалғастырды».

 

Анықтамалық:
ВТБ тобы туралы ақпарат
Банк ВТБ ААҚ және оның еншілес банктері (бұдан әрі ВТБ тобы немесе Топ) Ресей,ТМД, Батыс Еуропа, Азия және Африка елдерінде банк қызметтерінің кең спектрлерін ұсынатын жетекші ресей қаржы тобы болып табылады.  
ВТБ тобы корпоративтік-инвестициялық саласында және бөлшектік банкингте жұмыс істейді.    
ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%).

Банк ВТБ (Қазақстан) туралы ақпарат
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл  ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі.
Банк ҚР 2009 жылдың 01 шілдесінен бастап жұмыс істейді  (ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.256 лицензиясы), жеке және заңды тұлғаларға банк қызметтерінің толық кешенін ұсынады.
Банк Қазақстанның 17 қалаларында ұсынылған.