Банк ВТБ (Қазақстан) 2012 жылдың 1-тоқсандағы қаржы нәтижелері туралы хабарлайды

27.04.2012

Graphic1_gorizont_vishe.jpgАлматы – Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамының Еншілес ұйымы 01.04.2012ж. жағдайы бойынша қаржы есептілігін жариялайды:

2012 жылдың басымен салыстырғанда негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштері:

  • Жарғылық капитал  20 млрд. теңге;
  • Банктің активтері 6 593 млн. теңгеге өсті - 69 063 млн. теңгеге дейін;
  • Міндеттемелер 6 854 млн. теңгеге көбейді - 51 726 млн. теңгеге дейін;
  • Банктің несие портфелі 49 600 млн. теңгені құрады, және  3 930 млн. теңгеге өсті. Бұл орайда несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде;
  • Клиенттердің шот және депозиттегі қаржылар көлемінің өсуі жалғасуда, және 01.04.2012ж.   33 932 млн. теңгеге жетті;  
  • Есепті кезең үшін таза пайыздық табыс, өткен жылмен салыстырғанда 4 есе көбейіп,  812,546 млн. теңгені құрады;
  • Қазақстан Республикасы реттеуішінің талабы бойынша құрылған шығынды ескермей таза шығын 36 084 мың теңгеге азайып, 260 777 мың теңгені құрады.    

 

Активтердің өсуі берілген қарыздар мен сауда бағалы қағаздарды сатып алумен ескеріледі. Несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде, Банктің несие портфеліне қатысты шығын деңгейі  1%, немесе 541 млн. теңгені құрады. 

Банк ВТБ (Қазақстан) бизнесті несиелендіру белсенді саясатын – қатысу өңірдегі қосымша жұмыс орынның көзін жалғастырады, бөлшектік өнімдерін кеңейтеді, сонымен қатар банк операциясын өткізу қауіпсіздігін көтереді.             

Филиал жүйесінің дамуы Банктің қаржы нәтижесіне белгіленген қысымын көрсетеді, бірақ бизнестің өсуіне байланысты пайыздық және операциялық табыстың маңызды өсуін белгілеу қажет. Банктің филиал жүйесін дамыту бағдарламасының аясында жоспарлы шығындары бар, бұл Банк алдында қойылған шамшыл міндеттерге сәйкес келеді.

 

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі.
ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке  Fitch Ratings агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжамы халықаралық рейтингі ұсынылды. Бұл банктің оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. 

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін басқаратын халықаралық қаржылық тобын ұйымдастырады.   ВТБ Тобы – бұл 19 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 20 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%).