«Тұрақты» жаңа жедел салымы

09.04.2012

Банк ВТБ (Қазақстан) 2012 жылғы 9 сәуірде жеке клиенттер үшін «Тұрақты» жаңа жедел салымының тұсауын кесті.  

kozhevnikov-0060-IMG_0444.jpgБұл депозит жеке қаржыларын сақтандыруда және көбейтуде қазақстандықтардың барлық қажеттіліктерін ең көп деңгейде қанағаттандыру үшін, арнаулы әзірленді.    
«Тұрақты» салымы тек ұлттық валютада – теңгеде, 36 ай мерзіміне ашылады. Клиенттердің ұсыныстарына талдау жүргізіп, Банк қаражатты сақтаудың ыңғайлы жағдайларын ұсынады: депозитті 15 000 теңге ең аз сомамен ашуға және сомасы бойынша шектеусіз кез келген уақытта салымды толықтыруға болады.  

Салым бойынша сыйақы ставкасы жылдық 8,5% салым сомасын орналастырудың барлық мерзімі бойында өзгеріссіз қалады (тиімді - 8,84%).   

Динара Жәкенова, Банк ВТБ (Қазақстан) Бөлшек Бизнесті дамыту Департаментінің Директоры: «Дүниежүзі қаржы дағдарысының жаңа кезеңін тосып отырған уақытта, шетел валютасының бағамы тұрақты емес және жеке салымдардың келешегіне қауіп-қатер төніп тұр, біз арнайы «Тұрақты» жаңа жедел салымын әзірледік, оның функциясы біздің салымшыларға жиналған ақшаларының сақтандығы туралы уайымдамауға мүмкіндік береді. Біздің жаңа депозиттің басымдығы – бұл ірі ресей ВТБ Тобының кепілдері мен беделі».

Қосымша, Банк ВТБ (Қазақстан) әр салымшыға карточканы бірінші жылы пайдалану  бойында тегін қызмет көрсетумен, VISA Classic халықаралық төлем карточкасын сыйлайды. Банк ВТБ (Қазақстан) карточкалары анық басымдықтарға ие – ТМД және Грузия елдерінде ВТБ Тобының банкоматтарында ақша алу үшін бірыңғай тариф және қос комиссиялардың жоқтығы. 

«Тұрақты» депозитті Банктің 24 офисінің кез келгенінде, Қазақстанның 17 қаласында,қолыңда барлығы екі құжат: жеке басын куәландыратын құжат және СТН болғанда ашуға болады. 

 

Анықтамалы:
Өз қызметін 2009 жылы бастаған, Қазақстандағы ВТБ Еншілес банкі бизнес жоспардың болжамдық көрсеткіштерін артуын көрсетіп, өте жоғары қарқынмен дамып келеді.
Банктің эквайрингтік құрылғыларының желісінде 23 банкомат және 42 POS-терминал бар және Қазақстанның ірі қалаларының 17-сін қамтиды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарықтарында өз қызметтерін жүргізетін, халықаралық қаржы тобын құрайды. ВТБ Тобы – бұл ТМД-ның 19 еліндегі, Еуропадағы, Азиядағы және Африкадағы 20-дан астам банк пен қаржы компаниялары. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%).