Банк ВТБ (Қазақстан) шағын бизнеске арналған «Премиум Несие» атты жаңа бағдарламаны іске қосты

23.02.2012

Құрметті клиенттер!

Сіздерді шағын бизнеске арналған «Премиум Несие» атты жаңа бағдарламаның іске қосылғаны туралы хабардар етеміз.

Бұл бағдарлама жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін арналған және айналымды толықтыруды, негізгі қаражаттарды алу мен жаңартуды, сондай-ақ басқа банктердегі қарыздарын қайта қаржыландыруды қарастырады.

75 млн-нан 300 млн. теңгеге дейінгі мөлшердегі (500 мыңнан  2 млн. АҚШ доллары немесе ресей рубліндегі эквиваленті) несиені 1 айдан 7 жылға дейінгі мерзімге ресімдеуге болады. Қаражат біржолғы қарыз немесе несиелік желі түрінде ұсынылады.

Бөлшек бизнесті дамыту департаментінің директоры Динара Жакенованың пікірі бойынша, шағын бизнес субъектілері несиелеудің жаңа бағдарламасының артықшылықтарын тұрарлықтай бағалайтын болады: «Бүгінгі күні қазақстандық кәсіпкерлерде икемді қаржылық құралдың қажеттілі жиі туындайды, ол, бір жағынан, ұзақмерзімді несиелеу мүмкіндігін қамтамасыз етер еді, ал екінші жағынан – қарыздық қаражаттар ұсыну рәсімін жеңілдетер еді. Біздің клиенттер сұранысын қанағаттандыруға тырыса отырып, біз несиелеудің «Премиум Несие» жаңа бағдарламасын әзірледік. Соның көмегімен шағын кәсіпкерлік субъектілері тым қысқа мерзімде және құжаттардың минимальді пакетімен бизнес дамытуға несие ала алады».

"Премиум Несие" бағдарламасы туралы толығырақ