Fitch Агенттігі Банк ВТБ (Қазақстан) рейтингтерін растады

15.02.2012

Fitch Ratings Халықаралық рейтингтік агенттігі 2012 жылдың 13 ақпанында Банк ВТБ (Қазақстан) бұдан бұрын иеленген рейтингтерін растады.
Сонымен, дефолт эмитент ұзақ мерзімді рейтингтері («ДЭР») Шетелдік және мемлекеттік валютада «BBB–» («ВВВ минус») деңгейінде расталды, болжамы «Тұрақты». ДЭР дәл осы деңгейі, Fitch пікірі бойынша, Банк ВТБ (Қазақстан) жалғыз акционер – ресейлік жүйеқұратын Банк ВТБ ААҚ қолдауына ие болу мүмкіндігін жоғарылатады.

Сонымен қатар Fitch болжауынша, Банк ВТБ (Қазақстан) ДЭР өзгерістері, Банк ВТБ ААҚ рейтинг өзгерістеріне сәйкес болуы ықтимал. Осылайша, еншілес ұйымның «Тұрақты» болжам бойынша рейтингі, аналық банктың өз рейтинг болжамы бойынша көрінісі деуге болады.
Банк ВТБ (Қазақстан) қысқа мерзімді ДЭР шетелдік валютада «F3» деңгейінде расталды. Қолдау рейтингі «2» деңгейінде расталды. Ұлттық рейтинг «AA(kaz)» деңгейінде расталды, болжамы «Тұрақты». Қамсызданбаған артықшылық қарыз рейтингтері бойынша: ұзақ мерзімді рейтинг «BBB–» деңгейінде расталды («ВВВ минус»), ұлттық рейтинг – «AA(kaz)» деңгейінде.

Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары – Басқарма мүшесі Александр Костянның пікірінше, Fitch агенттігінің Банк рейтингтерін бұрынғы жоғары деңгейінде растауы қаржы институтының айтарлықтай сенімділігінің куәсі: «Дағдарыстың жаңа толқынынан сақтану дабылы ең биік трибуналардан естіліп жатқан, қазіргі заманғы экономикалық жағдайларда, банкті таңдау кезіндегі ең маңызды критерий банктің стресске деген тұрақтылығы болып табылады. Бұл қабілеттіліктің шынайы индикаторы халықаралық рейтингтік агенттіктер болып табылады. Және біздің бұл жағынан мақтанышымыз жоғары: Fitch агенттігінің Банк ВТБ (Қазақстан) берген рейтингі – республиканың банктік секторындағы ең жоғарғылардың бірі. Бұл дегеніңіз, біздің салымшылар өз қорының сақталуына кәміл сенімді бола алады деген сөз».

 

Анықтама үшін:

ВТБ Банк (Қазақстан) ЕҰ АҚ – ресейлік ең ірі Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкі. ҚР еншілес банк 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап қызмет атқаруда. Қазіргі кезде оның жарғылық капиталы 20 млрд. теңгені құрайды, ал филиалды жүйесі Қазақстанның 17 ірі қалаларын қамтиды. 2011 жылы Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі банкке тұрақты болжаммен «BBB-» деңгейіндегі рейтингті иелендірді, бұл банктің қаржы жағдайының оң және тұрақты екендігін куәландырады.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары өз қызметін рейсйлік және шетел нарықтарында жүргізетін халықаралық қаржы тобын құрайды. ВТБ тобы – бұл ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде орналасқан 20-дан астам банк және қаржы компаниялары. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%). ВТБ тобы қаржы қызметтерінің толық спектрін ұсынады, оның ішінде, жеке және корпоративтік клиенттерге банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржы қызметтері, сонымен қатар лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақыны қамтамасыз ету қызметтері де кіреді.