Банк ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғаларға арналған жедел салымдар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді ұлғайтты

02.02.2012

Құрметті клиенттер!

Сіздердің Банк ВТБ (Қазақстан) депозиттерінің табыстылығын арттыру туралы тілектеріңізге орай, 2012 жылдың 1 ақпанынан бастап қаражатты ұлттық валютада орналастырған клиенттер үшін «Жинақтауыш» және «VIP» салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемелері айтарлықтай ұлғайтылды.

Енді «Жинақтауыш» салымы бойынша максимальді пайыздық мөлшерлеме (салымды 36 ай мерзіміне кемінде 1 млн теңге сомасына ашқан жағдайда) жылдық  8% (тиімді мөлшерлеме - жылдық 8,3%) құрайды.

«VIP» салымы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері (салымды 36 ай мерзіміне кемінде 6 млн теңге сомасына ашқан жағдайда) жылдық 8,5% (тиімді мөлшерлеме - жылдық 8,84%) құрайды.

 Қазір де Банк ВТБ (Қазақстан) депозиттерінің негізгі артықшылықтарының бірі болып осы қаржылық институттың аса жоғары сенімділігі табылады. Сондықтан өз жинақтарыңызды сақтап, көбейткіңіз келсе және осыған байланысты жеке капиталыңызды тапсыратын сенімді әріптес іздеу үстінде болсаңыз, Банк ВТБ (Қазақстан) барыңыз. Ақшаңыздың сақталып, қаржылық әлеуетіңізді көбейту жолында тұрақты түрде өсіп тұратындығына сенімді бола аласыз.  

Банк ВТБ (Қазақстан) депозиттері туралы толығырақ