Банк ВТБ (Қазақстан) Байланыс орталығының ұялы нөмірін қосты

01.02.2012

Клиенттердің Байланыс орталығының қолжетімділігін арттыру туралы тілектерін қабыл ала отырып, Банк ВТБ (Қазақстан) Kcell, Activ және Beeline абоненттері ақысыз қоңырау шала алатын 5050 қысқа ұялы байланыс нөмірін қосты. Жақын арада бұл қызмет Tele2 абоненттеріне де қосылады деп жоспарлануда.

5050 нөмірімен қатар, банк клиенттері Байланыс орталығына өздері үйренген қалалық телефон нөмірлері бойынша да қоңырау шала алады. Қазіргі заманғы телекоммуникациялық технологияларды пайдалану банк қызмет көрсететін барлық қалалардағы кіріс клиенттік қоңырауларға орталықтандырылған қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өз аймақтарындағы банктің қалалық нөмірлеріне қоңырау шалатын клиенттер автоматты түрде Байланыс орталығының Алматы қаласындағы +7 (727) 330-50-50  көпканалды нөміріне қосылады.

Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма төрағасы Сергей Гусаровтың пікірінше, 5050 ұялы нөмірін қосу жұмыс уақытының көп бөлігін кеңседен тыс өткізетін клиенттерді ерекше қуантуы тиіс. «Қазіргі заманғы тұтынушы мобильді болуға ұмтылады және өзінің ұялы телефонын түрлі қызметтер, соның ішінде банктік қызметтер алу үшін пайдаланады. Сондықтан біз өз клиенттерімізге Байланыс орталығының еске жеңіл сақталатын және, ең бастысы, ақысыз нөмірін ұсынып отырмыз. Енді Сіз қай жерде болсаңыз да, біздің банк үнемі байланыста болады, ал біздің білікті мамандарымыз банктің өнімдері мен қызметтері бойынша нақты ақпарат беріп, сұрақтарыңызға жауап береді, Сізге келуге ыңғайлы банк филиалы мен уақытты таңдауға көмектеседі».

Қазіргі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) Байланыс орталығы үзіліссіз, жұмыс күндері – 9:00-20:00 сағ. аралығында, сенбі күні – 9:00-15:00 сағ. (Астана уақыты бойынша) аралығында жұмыс істейді. Жексенбі – демалыс күні. Карточка иелеріне көмек көрсету қызметі тәулік бойы қызмет көрсетеді, Алматыдағы телефон: +7 (727) 330-43-43.

 

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ  - ресейлік ірі Банк ВТБ ААҚ-ның 100% еншілес банкі. Қазақстан Республикасында еншілес банк 2009 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыс істеуде. Қазіргі кезде оның жарғылық капиталы 20 млрд теңгені құрайды, ал филиалдық желісі Қазақстанның 17 ірі қаласын қамтып жатыр. 2011 жылы  Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі банкке тұрақты болжаммен «BBB-» деңгейіндегі рейтинг берген, бұл банктің тұрақты қаржылық жағдайының бірден бір дәлелі.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары өз қызметін ресейлік және шетел нарықтарында жүзеге асыратын халықаралық қаржылық топты құрайды. ВТБ Тобы дегініміз ТМД, Еуропа, Азия мен Африканың 19 мемлекетінде орналасқан 20-дан астам банк пен қаржылық компаниялардың жиынтығы. ВТБ-ның негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%). ВТБ тобы жеке және корпоративтік клиенттерге банктік қызмет көрсету, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақылық қамтамасыз ету сияқты инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметтерді қоса алғанда, қаржылық қызметтердің толық жиынтығын ұсынады.