ВТБ тобы ТМД елдерінде және Грузияда бірыңғай банкоматтық желі құрды

12.01.2012

Әзірбайжан, Армения, Беларуссия, Грузия, Қазақстан, Украинадағы ВТБ банктері, сонымен қатар ресейлік ВТБ24 банкі шығарған карточкалар иелері ағымдағы уақытқа 6 000-нан артық қондырғыдан тұратын ВТБ тобының Бірыңғай халықаралық желісіне қол жетімділікке ие болды.

19.jpgБұл, аталған кез-келген банктердің клиенттері «үй» желісінің талаптарында ВТБ және ВТБ24 банкоматтарынан, қай елде болғанына қарамастан қолма қол ақшаларды ала алады дегенді білдіреді. Ақшалай қаражаттарды қолма қол алғаны үшін тарифтер ВТБ Тобы банкоматтарының желілерінде «үйдегілерге» ұқсас. Шетелде бизнестерін жүргізіп отырған бірде бір ресейлік банк ағымдағы уақытта өз клиенттеріне осындай қызметті көрсетіп отырмағанын айта кету қажет. 

Осы артықшылықтар VISA и MasterCard халықаралық төлемдік жүйесінің дебеттік және несиелік карталарына қолданылады және ВТБ 24 (ЖАҚ) , Банк ВТБ ААҚ (Әзірбайжан), Банк ВТБ ЖАҚ (Армения)Банк ВТБ ЖАҚ (Беларусь), Банк ВТБ АҚ (Грузия), Банк ВТБ АҚ ЕҰ (Қазақстан), БАНК ВТБ ҚАҚ (Украина) банктерінің клиенттеріне қол жетімді. «ТрансКредитБанк» ААҚ және «Мәскеу Банкі» ААҚ банкоматтары ағымдағы уақытта ТМД елдеріндегі және Грузиядағы ВТБ Тобының Бірыңғай банкоматтық желісіне кірмейді және ВТБ 24 (ЖАҚ) өз-өзіне қызмет көрсету құрылғыларының желісімен қосылған.

Клиенттерге ТМД елдерінде және Грузияда ВТБ Тобының ыңғайлы банкоматын табуға «МультиКарта» АҚБ ВТБ Тобының процессингілік компаниясы әзірлеген геолокация қызметі көмектеседі. Бұл қызмет интерактивтік карта ретінде ұсынылады, одан клиенттер оларды қызықтыратын қызметтерге қол жетімді Бірыңғай банкоматтық желісінің жақын орналасқан банкоматтары туралы ақпараттарды ала алады.

Банк ВТБ АҚ ЕҰ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Сергей Гусаровтың ойынша, бұл жаңадан енгізілген қызметтер кең шеңберде тұлғалар үшін банктің карточкалық өнімдерінің қызықтырушылығын көтереді: «ТМД елдері және Грузияда жиі саяхатта болатын біздің клиенттерімізді бұл жаңалық қуантатындығына сенімдімін. Енді оларға әдеттегі тарифтер бойынша ВТБ тобының 6 000 банкоматтарының кез-келгенінде қызмет көрсетіледі, бұл сөзсіз клиенттер үшін ыңғайлы және пайдалы».

 

Анықтамалық:
Банк ВТБ АҚ ЕҰ (Қазақстан) – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ АҚБ 100 % еншілес Банкі. 2011 жылы Fitch Raitings халықаралық рейтингтік агенттігі Банкке тұрақты болжаммен «ВВВ-! деңгейіндегі рейтинг берді, бұл Банктің оңды және тұрақты қаржылық жағдайы туралы куәландырады.
Банк Visa International халықаралық төлемдік жүйесінің ассоциаландырылған мүшесі болып табылады және төлемдік карталардың меншік эмиссиясының құқығымен иеленеді. Банктің эквайрингтік қондырғыларының 23 банкоматы және 42 POS терминалы бар және Қазақстанның 17 ірі қаласын қамтиды.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресейлік және шетелдік нарықтарда өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржылық топтарды құрайды. ВТБ Тобы – бұл 20-дан астам банктер және ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдеріндегі 19 қаржылық компания. ВТБ-нің негізгі акционері  - Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5 %). ВТБ тобы жеке және корпоративті клиенттерге банктік қызмет көрсетуді, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметтерді қоса алғанда, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнеткерлік қамтамасыз етуді қоса алғанда қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынады.