Банк ВТБ (Қазақстан) Петропавловск қаласында өзінің филиалын ашты

07.12.2011

Izobrazhenie_089.jpg7 желтоқсан 2011 жылы салтанатты түрде Петропавловск қаласында, Е.Бөкетов көшесі , 34 үй мекенжайында орналасқан іскери орталықта өзінің филиалын ашты.

Ашылу салтанатына  Солтүстік Қазақстан облысының әкімі – Билялов Серик Султангазинович, ірі компаниялардың басшылары,  қала мен облыстағы бизнес-элита өкілдері қатысты. 

ВТБ (Қазақстан) Банкінің Бас офисінен ашылу салтанатына Басқарушы директор Ольга Худиева қатысты, ол өз сөзінде: «Бүгін біз – қаланың экономикалық және қаржылық өміріндегі ірі әрі маңызды оқиғаға куә болып отырмыз. Солтүстік Қазақстан аймағында филиалды ашу Банк ВТБ (Қазақстан) филиалдары жүйесін дамыту стратегиясының соңғы нүктесі болды. Петропавловск  банктің филиалдары ашылған 17 қаланың бірі болып отыр. Бүгінгі күні банктің 24 сату нүктесі бар, өзінің әмбебап қызметін Қазақстанның 17 қаласында жеке және заңды тұлғаларға ұсына алады»-деп атап өтті".

Филиалдың ауданы  300 кв. метрден астам. Филиалдың жеке тұрған ғимаратында құпиялылықты қамтамасыз ету және жайлы жағдай туғызуға арналған корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету аймақтары, кассалық тораптар, клиенттік кабина жабдықтары бар. Осы өңірде жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындар, шағын және орта бизнес субъектілері Банк ұсынатын қызметтердің кешеніне қол жеткізе алады: есептік-кассалық қызмет көрсету, сауданы қаржыландыру, «Банк-Клиент»  қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі және т.б. Жеке клиенттер үшін бірнеше банктік қызметтер ұсынылады  – жедел салымдар, әртүрлі кредит түрлері, Western Union, SWIFT, Contact, Юнистрим ақша аударымдары, айырбас және айырбасталымдық операциялар және т.б.

Банк ВТБ (Қазақстан) Петропавловск қаласындағы әмбебап филиалының ең басты артықшылығы ретінде мыналарды атауға болады: қызмет көрсету деңгейі, әрбір клиентке жеке қатынас жасау, есептік-кассалық операцияларды жүзеге асыруға арналған икемді тарифтер мен ыңғайлы кесте - дүйсенбі - жұма (09.00-20.00 сағат), сенбі (09.00-15.00 сағат), түсті үзіліссіз.

Izobrazhenie_128.jpgОльга Худиева, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ  Басқарушы директоры: «Біз Солтүстік Қазақстан өңірінде жұмыс істеуге және клиенттерге жақын болуға қызығушылық танытып отырмыз. Петропавловск қаласында  банк жұмыс істей бастайды, біз компаниялыр мен қала тұрғындарына оңтайлы әрі тиімді өнімдерді ұсынамыз».

 

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ  - бұл 100% Ресейдегі ірі Банк ВТБ ААҚ еншілес Банкі. 
ВТБ тобы – бұл ТМД, Еуропа, Азия және Африка 19 елдерінің 20-дан астам банктері мен қаржы компаниялары. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі  (75,5%).

Банк ВТБ (Қазақстан) Жарғылық капиталы 20 млрд. теңгені құрайды.
 ҚР еншілес банк 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істей бастады. Банкке Fitch Ratings агенттігінің «BBB-»/ болжам «Тұрақты» деңгейіндегі халықаралық рейтингі берілген, ол банктің оң және тұрақиты қаржылық жағдайын растайды.