Банк ВТБ (Қазақстан) заңды тұлғаларды қайта қаржыландырады

03.11.2011

Банк ВТБ (Қазақстан) заңды тұлғаларға басқа банктерден қарыздарды қайта қаржыландыруды ұсынады.
Қайта қаржыландыру қарыз алушылардың қолданыстағы сыйақы мөлшерінен 1-2 пайыздық тармақтарға* кем мөлшер бойынша ұсынылады.
VTB08-0105.jpgҚайта қаржыландыруға өтінімдерді қарастыру кезінде, Банкпен кәсіпорынның табыстылығы, несиелік тарихы және бизнесті дамыту келешектері есептелетін болады.

Ольга Худиева, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Корпоративтік бизнесін дамыту департаментінің директоры: «Әлемдік қаржылық дағдарыс несиелерді ұсынудың нарықтық шарттарының маңызды өзгеруінің себебі болды. Банктер өзінің қауіптерін минималдауға және жоспарланған табыстылықты алуға талпына отыра, жоғары пайыздармен несиелерді берген. Бұл тенденциялар біздің жаңа ұсынысымыз – қайта қаржыландыруда өз көрінісін тапты, өйткені біз басқа банктердің қарыз алушыларын аса ыңғайлы жағдайларда қайта қаржыландыруға дайынбыз».

Қайта қаржыландыру бағдарламалары 4 валюталардың (теңге, рубль, АҚШ доллары, евро) бірінде несиені беруді қарастырады.
Корпоративтік клиенттер қаржы нарықтарына, халықаралық тәжірибеге және масштабқа мықты ұстанымдарының үйлесімімен, ВТБ тобының керек-жарағының арқасында, Банк ВТБ (Қазақстан) басқа банкке қарыздарды өтеудің эксклюзивтік кестелерін есептеуі мүмкін. 

*бірақ кем дегенде 10% жылдық.

 


Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан)АҚ ЕҰ – бұл жүйені түзейтін  ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкі.
Банк ВТБ (Қазақстан) жарғылық капиталы 20 млрд.теңгені құрайды.
Банк Қазақстанның 17 қаласында жұмыс істейді.

ВТБ тобы – бұл ТМД, Еуропа, Азия және Африка 19 елдерінің 20-дан астам банктері мен қаржы компаниялары. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі  (75,5%).