Банк ВТБ (Қазақстан) 2011 жылдың 3-ші тоқсанындағы қаржылық нәтижелерді жариялайды

27.10.2011

Алматы – Банк ВТБ (Қазақстан) акционерлік қоғамының еншілес ұйымы 01.10.2011 жылғы жағдай бойынша қаржылық есеп-қисапты жариялайды:

Негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштер 2011 жылдың басымен салыстырғанда:

• Жарғылық капитал 9 миллиард теңгеге ұлғайып, 20 миллиард теңгені құрады;
• Банктің активтері 2 есе – 46 348 миллион теңгеге дейін өсті;
• Міндеттемелер 2 есе - 27 858 миллион теңгеге дейін ұлғайды;
• Банктің несиелік қоржыны 29 584 миллион теңгені құрады, және 2011 жылдың басымен салыстырғанда, 3 есе өсті. Несиелік қоржынның сапасы жоғары деңгейде тұр;
• Клиенттердің шоттары мен депозиттеріндегі қаражаттардың көлемі өсуін жалғастыра берді, және 2011 жылғы 01 қазанға 22 952 миллион теңгеге жетіп, 2011 жылдың басымен салыстырғанда айтарлықтай ұлғайды;
• Таза пайыздық табыс 9 айда өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 3 есе ұлғайып, 963 миллион теңгені құрады;
• Таза комиссиялық табыс 9 айда өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 3,3 есе ұлғайып, 218 миллион теңгеге жетті.

2011 жылдың ақпанынан қазанына дейінгі кезеңде ВТБ Банк (Қазақстан) Ақтөбе, Семей, Тараз, Шымкент, Көкшетау, Талдықорған, Қызылорда, Орал, Қостанай, Ақтау, Петропавл қалаларында 11 филиалын, сондай-ақ Алматы мен Астанада қосымша үй-жайларын ашты.
Бүгінгі таңда Банк Қазақстанның 17 қаласындағы филиалдар желісіне, бәрін қосқанда 24 сатылым орнына ие.

Тиісінше, филиалдар желісінің белсенді өсуі пайда алу тұрғысынан қаржылық нәтижелерге белгілі бір ықпалын тигізеді. Банк филиалдар желісін дамыту бағдарламасының шеңберінде жоспарлы шығыстар көтеруде, бұл Банк өз алдына қойған талапшыл міндеттерге толығымен сәйкес.

ВТБ Банк (Қазақстан) өзі орын тепкен аймақтарда бизнесті – қосымша жұмыс орындарының көзін несиелендіру бойынша белсенді саясатын жалғастырды, сондай-ақ банк операцияларын жүргізудің қауіпсіздігін арттырды.


Анықтама:

ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕБ – ең ірі ресейлік ВТБ Банк ААҚ-ның 100% еншілес Банкі.
ҚР ҚҚА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы.
Банкке Fitch Ratings агенттігінен «BBB-» деңгейіндегі/ «Тұрақты» болжамы бар халықаралық рейтинг берілді, бұл оның оңды әрі тұрақты қаржылық жағдайын көрсетеді.

ВТБ Банк пен оның еншілес компаниялары өзінің қызметін ресейлік және шетелдік нарықтарда жүргізетін халықаралық қаржылық топты түзеді. ВТБ Тобы – ТМД, Еуропа, Азия және Африканың 19 еліндегі 20 шақтыдан астам банктер мен қаржы компаниялары. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%).
ВТБ тобы қаржылық қызметтердің толық ауқымын, соның ішінде жекеше және корпоративтік клиенттерге банктік қызмет көрсетуді, инвестициялық-бантік және қосымша қаржылық қызметтерді, соның ішінде лизинг, факторинг, сақтандыру мен зейнетақылық қамсыздандыруды ұсынады.