Банк ВТБ (Қазақстан) Орал қ. филиалының ашылу салтанаты болды

20.10.2011

2011 жылғы 20 қыркүйекте қаланың іскерлік орталығында, Молдағалиев к-сі, 18-үй мекенжайындағы 7-қабатты бизнес-орталықтың ғимаратында орналасқан Орал қ. Филиалдың ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатының құрметті қонақтары ретінде Батыс Қазақстан облысы Әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Асқарұлы Ноғаев, ҚР Ұлттық Банкінің аймақтық филиалының директоры Борис Ізбасарұлы Ізбасаров, ірі компаниялардың басшылары – қала мен облыс саңлақтарының өкілдері қатысты.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы Сергей Гусаров Орал филиалының ашылу салтанатына арнайы келді: «Банк дамуға үлкен қадам жасады, белсенді өсу және филиалдар желісін кеңейту стратегиясын табысты іске асырды, 2,5 жыл ішінде Қазақстанның 17 қаласында 24 сату орнын ашып, 2011 жылға белгілеген стратегиялық даму міндеттерінің көпшілігін орындады. Оралда филиал аша отырып, бизнестің барлық бағыттары бойынша белсенді жұмыс істеуге ниеттіміз, қала тұрғындары мен қонақтарына тиімді, IMG_8700.jpgтартымды, заманауи банк өнімдерін ұсынбақшымыз.»

- Банк ВТБ (Қазақстан) жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, клиенттері көп болсын. Жұмыстарыңыз жемісті болсын, - деп тілегін білдірді Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ноғаев. 

Филиал ауданы 330 шаршы метрден асады, мұнда операциялық зал, ыңғайлы әрі жайлы болу үшін клиенттерге арналған кабиналармен жабдықталған кассалық торап, клиенттерді қабылдауға және қызмет көрсетуге арналған кабинеттер орналасқан.

Анықтама :

ВТБ тобы – Ресейде, ТМД, Батыс Еуропа, Азия мен Африка елдерінде банк қызметтерін ұсынатын халықаралық қаржы тобы. ВТБ тобы корпоративтік, бөлшек және инвестициялық бизнестерді, сондай-ақ банк қызметтерін толық ұсына отырып, банктік емес қаржы қызметтерін (сақтандыру, факторинг, лизинг) тамаша үйлесіммен атқара алады. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%).

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – Ресейдің ірі Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкі.
Банк ВТБ (Қазақстан) жарғылық капиталын 20 млрд. теңге құрайды. Банкке «Fitch Ratings» агенттігінің «BBB-»/ болжам – «Тұрақты» - деңгейіндегі халықаралық рейтингі берілген, бұл оның оң әрі тұрақты қаржы жағдайын растайды.