ВТБ Банк (Қазақстан) Алматыда үш жаңа сату нүктесін ашты

14.10.2011

IMG_2611.JPGВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕБ Алматы филиалы бөлімшелерінің санын 6 офиске дейін ұлғайтты және төмендегі мекен-жайлар бойынша үш жаңа Қосымша үй-жайдың презентациясын жасады:

  • Науаи көшесі, 310-шы үй;
  • Достық даңғылы, 46-шы үй;
  • Төле би көшесі, 71-ші үй («Silk Way City» сауда-сауық кешенінің ғимаратында).

Банк дамуында сапалы ұмтылыс жасап, филиалдар желісін белсенді өсіру және кеңейту стратегиясын табысты іске асырды және 2,5 жылдың ішінде Қазақстанның 17 қаласында 24 сату нүктесін ашып, 2011 жылға даму стратегиясымен қойылған міндеттердің басым бөлігін орындады.

Әрбір офистің дизайны мен жоспарламалық шешімі корпоративтік бренд-букке және ВТБ сату орындарын ресімдеудегі бірыңғай стандарттарына сәйкес орындалған.
Банктің барлық бөлімшелері әмбебап – заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету ұсынылады.

Сергей Гусаров, ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕБ-нің Басқарма Төрағасы: «Алматы – бизнес жүргізу үшін негізгі нарық, өйткені бұл Республиканың халық ең қалың қоныстанған қаласы, онда заңды тұлғалардың ең жоғары үлесі шоғырланған. Тиісінше, біз өз клиенттерімізге жақынырақ болу және қызмет көрсетуді барынша ыңғайлы әрі жайлы ету үшін, Банктің жаңа бөлімшелерін ашудамыз».

IMG_2560.JPGЖаңа бөлімшелерде Алматыда жұмыс істейтін ірі және орташа кәсіпорындар, шағын және орта бизнес субъектілері Банк ұсынатын қызметтердің бүкіл кешеніне ие бола алады, оған кіретін: есептік-кассалық қызмет көрсету, несиелендіру, «Банк-Клиент» қашықтан қызмет көрсету жүйесі және т.б.
Жекеше клиенттер үшін банк қызметтерінің бүкіл ауқымы – мерзімді салымдар, әрқилы несиелендіру түрлері (кепілзаттық және кепілзатсыз, авто сатып алуға және ипотека), Western Union, SWIFT, Contact, Юнистрим ақшалай аударымдары, айырбастау және конверсиялық операциялар, халықаралық төлем карталарын шығару және қызмет көрсету мен басқасы ұсынылады.

Ержан Тугельбаев, ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕБ-нің Алматы филиалының Директоры: «2 жылдан азғана астам мзі бұрын, Банктің Алматыда тек бір офисі болатын. Бүгін мұнда енді 6 орын жұмыс істеуде, біз оларды қаланың ең қарбалас аудандарында аштық. Филиалдың штаты 40 адамнан астамды құрайды және біз ВТБ Тобының халықаралық тәжірибесін пайдалана отырып, қаланың меймандары мен тұрғындарына қызмет көрсетуге әзір кәсіпқой қызметкерлер командасын мақтан тұтамыз».  

 

IMG_2600.JPGАнықтама:
ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕБ – ең ірі ресейлік ВТБ Банк ААҚ-ның 100% еншілес Банкі.
ВТБ Тобы – ТМД, Еуропа, Азия және Африканың 19 еліндегі 20 шықтыдан астам банктер мен қаржы компаниялары. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%).

ВТБ Банктің (Қазақстан) жарғылық капиталы 20 млрд. теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасында еншілес Банк 2009 жылғы 1 шілдеден бері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Семей, Шымкент, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Орал, Талдықорған, Қызылорда қалаларында 15 филиал ашылған.
Банкке Fitch Ratings Агенттігінен «BBB-»/ «Тұрақты» болжам деңгейінде халықаралық рейтинг берілген, бұл оның оңды әрі тұрақты қаржылық жағдайы туралы куәландырады.