ВТБ Банк (Қазақстан) Петропавл қаласында филиалын ашты

12.10.2011

2011 жылғы 12 қазанда ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕБ-нің Петропавл қаласындағы жаңа, 17-ші филиалы өзінің жұмысын бастады.
Банктің әмбебап бөлімшесі қаланың іскерлік бөлігінің орталығында, Букетов көшесі, 34-ші үй мекен-жайы бойынша ашылды.

DSCF0055.jpgФилиал 300 шаршы метрден астам ауданда орналасты, онда операциялық зал, ыңғайлылықты және жабық сипаттылықты қамтамасыз ету үшін клиенттік кабиналармен жабдықталған касса торабы, клиенттерді қабылдауға және қызмет көрсетуге арналған кабинеттер жайғасты.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы ірі өнеркәсіптік қала болып табылады, мұнда мұнай өндіруші компаниялар үшін күрделі бұрғылау және арнайы техника шығаратын Қазақстандағы бірден бір зауыт - «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, сондай-ақ басқа да ірі ұлттық кәсіпорындар: «ЗИКСТО» АҚ — елдегі темір жол жартылай вагондарын негізгі өндіруші, «Мұнаймаш» АҚ, «Киров атындағы зауыт» АҚ және басқалары жұмыс істейді.

Петропавлда жұмыс істейтін ірі және орташа кәсіпорындар, шағын және орта бизнес субъектілері Банк ұсынатын қызметтердің бүкіл кешеніне ие бола алады, оған кіретін: есептік-кассалық қызмет көрсету, несиелендіру, «Банк-Клиент» қашықтан қызмет көрсету жүйесі және т.б.
Жекеше клиенттер үшін банк қызметтерінің бүкіл ауқымы – мерзімді салымдар, әрқилы несиелендіру түрлері (кепілзаттық және кепілзатсыз, авто сатып алуға және ипотека), Western Union, SWIFT, Contact, Юнистрим ақшалай аударымдары, айырбастау және конверсиялық операциялар, халықаралық төлем карталарын шығару және қызмет көрсету мен басқасы ұсынылады.

ВТБ Банктің (Қазақстан) Петропавл қаласындағы әмбебап филиалының артықшылықтарының бірі жоғары қызмет көрсету деңгейі, әрбір клиентке дара көзқарас, икемді тарифтер мен есептік-кассалық операцияларды жүзеге асыру үшін ыңғайлы: дүйсенбі - жұма (09.00-20.00 сағат), сенбі (09.00-15.00 сағат), түскі асқа үзіліссіз жұмыс кестесі болып табылады.


Сергей Гусаров, ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕБ-нің Басқарма Төрағасы: «Біз Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары мен меймандарына Петропавлдағы жаңа филиалды таныстырамыз. Бұл Банктің 2011 жылы ашылған соңғы, саны жағынан 17-ші филиалы. Біз жоғары деңгейде қызметтер көрсетуге ұмтылатын боламыз және клиенттермен серіктестікке және өзара пайдалы ынтымақтастыққа үміттіміз».

 

Анықтама:
ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕБ – ең ірі ресейлік ВТБ Банк ААҚ-ның 100% еншілес Банкі.
ВТБ Тобы – ТМД, Еуропа, Азия және Африканың 19 еліндегі 20 шықтыдан астам банктер мен қаржы компаниялары. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%).
 
ВТБ Банктің (Қазақстан) жарғылық капиталы 20 млрд. теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасында еншілес Банк 2009 жылғы 1 шілдеден бері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Семей, Шымкент, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Орал, Талдықорған, Қызылорда қалаларында 15 филиал ашылған.
Банкке Fitch Ratings Агенттігінен «BBB-»/ «Тұрақты» болжам деңгейінде халықаралық рейтинг берілген, бұл оның оңды әрі тұрақты қаржылық жағдайы туралы куәландырады.