ВТБ Банк (Қазақстан) Ақтау қаласында филиалын ашты

04.10.2011

2011 жылғы 4 қазанда ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕБ Ақтау қаласында филиалын ашты. Филиал қаланың іскерлік орталығында – 14-ші ықшамауданда «Тамшалы» тұрғын үй кешенінде орналасқан.

Ақтау Маңғыстау облысының облыс орталығы болып табылады және өнімдерінің көлемі аймақта өндірілетін өнеркәсіпшілік өнімдерінің жалпы көлемінен 90 пайыздан астамды алатын жетілген мұнай-газ өнеркәсіпшілігі бар аймақты құрайды. Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан Ақтау теңіз порты әртүрлі құрғақ жүктерді, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдауға арналған Қазақстанның бірден бір теңіз порты болып табылады.

ВТБ Банк (Қазақстан) филиалының ауданы 500 шаршы мертден астамды құрайды. Қызмет көрсету аудандарының ыңғайлы бөлінуі клиенттерге сапалы қызметтерге ие болуға мүмкіндік береді, ал филиалдың білікті қызметкерлері жеке тұлғалар мен корпоративтік клиенттерге кез келген қызықтыратын сұрақтар бойынша ақыл-кеңес береді.

Филиалдың өнімдер желісіне жеке тұлғаларға арналған өнімдердің жалпақ ауқымы: мерзімді салымдар ашу, кепілзатсыз несиелендіру және мүлік кепілзатына несиелендіру, Western Union, Contact және Юнистрим жүйелері бойынша ақша аударымдары, ипотекалық несиелендіру, халықаралық төлем карталары кіреді.
Орта және ірі кәсіпорындар, қаржылық-өнеркәсіптік топтар мен олардың бөлімшелері де сондай-ақ Банк ұсынатын бүкіл қызметтер кешеніне ие бола алады.

ВТБ Банктің (Қазақстан) Ақтау қаласындағы әмбебап Филиалының артықшылықтарының бірі икемді жұмыс тәртібі болып табылады: дүйсенбі – жұма (09:00 - 20:00 сағат), сенбі (09:00 - 15:00 сағат), түскі асқа үзіліссіз, жексенбі – демалыс күні.


«ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕБ-нің филиалдар желісін дамыту шеңберіндегі тағы бір сәтті қадам Ақтау қаласында филиал ашу болды. Бүгінгі таңда бұл біз әммбебап филиалымызды ашқан Республикамыздың 16-шы қаласы. Клиенттердің сенімі – Банктің басты құндылықтарының бірі және біз жоғары, халықаралық деңгейде қызметтер көрсетуге әзірміз», - деп түсіндірді Филиалдың ашылуын ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕБ-нің Басқарма Төрағасының Бірінші Орынбасарф Александр Костян.


Анықтама:
ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕБ – ең ірі ресейлік ВТБ Банк ААҚ-ның 100% еншілес Банкі.
ВТБ Тобы – ТМД, Еуропа, Азия және Африканың 19 еліндегі 20 шықтыдан астам банктер мен қаржы компаниялары. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%).

ВТБ Банктің (Қазақстан) жарғылық капиталы 20 млрд. теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасында еншілес Банк 2009 жылғы 1 шілдеден бері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Семей, Шымкент, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Орал, Талдықорған, Қызылорда қалаларында 15 филиал ашылған.
Банкке Fitch Ratings Агенттігінен «BBB-»/ «Тұрақты» болжам деңгейінде халықаралық рейтинг берілген, бұл оның оңды әрі тұрақты қаржылық жағдайы туралы куәландырады.