ВТБ Банк (Қазақстан) халықаралық төлем карталарымен жұмыс істей бастады

04.10.2011

17.jpgЕң ірі ресейлік ВТБ Банктің еншілес банкі – ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕБ VISA International халықаралық төлем жүйесінде Қауымдастырылған мүшелікке ие болды және меншікті төлем карталарын шығаруға кірісті.

ВТБ Банк (Қазақстан) VISA Instant Issue лездік шығарылым карталарын, сондай-ақ кеңінен пайдаланылатын VISA Electron, VISA Classic Unembossed, VISA Classic және VISA Gold карталарын эмиссиялайды.
Сондай-ақ Банк заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өкілдік және іссапарлық шығыстарын төлеуге арналған VISA Business корпоративтік төлем карталарын эмиссиялайды.

Төлем картасының шотын теңгеде, сондай-ақ АҚШ долларында, ресей рубльдері мен еврода ашуға болады.  Карталар Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған резиденттері мен бейрезиденттеріне 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге шығарылады. 555.jpgЖылдық қызмет көрсету – 200 теңгеден 20 000 теңгеге дейін.
Төлем картасының иегерлерінің өздерінің отбасы мүшелері үшін (14 жастан бастап) қосымша карталарды ресімдеуге мүмкіндігі бар. 

ВТБ Банк (Қазақстан) төлем карталарына қызмет көрсету Қазақстан Республикасының аумағында 25 банкоматта, сондай-ақ Банктің бөлімшелерінде орналасқан POS-терминалдарда жүргізілетін болады. 2012 жылы Банк Республика бойынша банкоматтарының санын 50 дараққа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
 
ВТБ Банк (Қазақстан) төлем карталарының негізгі артықшылықтарының бірі ВТБ Тобының банкоматтарында Қазақстандық ВТБ тарифтері бойынша қолма-қол ақша қаражаттарын алу мүмкіндігі болып табылады. Бұл Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Әзірбайжанға жиі сапар жасайтындар үшін үлкен плюс болып табылады.

6666.jpgВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Сергей Гусаров: «ВТБ Банкте Ресей мен ТМД елдерінің аумағында ең жетілген филиалдар мен өкілдіктердің желісі бар. Біздің карталарымыздың иегерлері үшін ВТБ ТОбының банкоматтарында біздің, Қазақстан тарифтер бойынша қызмет көруге мүмкіндік бар, бұл, әлбетте, пайдалы әрі үнемді».  
 
ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕБ Бөлшек бизнесті дамыту департаменті бастығы Динара Жакенова: «Төлем карталарының қолма-қол ақшадан анағұрлым ыңғайлы екеніне барған сайын көп адамдардың көзі жетуде. Картамен шетелге шығатын кезде қаражаттарды мағлұмдамалаудың керегі жоқ, шетелде сапарда жүргенде қолма-қол ақшаны айырбастаудан көрі, жергілікті валютаны карта бойынша алған анағұрлым оңай әрі қауіпсіз».

77777.jpgТөлем карталарының дизайнында қазақ әшекейлерінің көріністері пайдаланылған, бұл ұлттық бастаулардың симбиозы мен оларды безендірудегі ВТБ Брендінің бірыңғай стандарттарын білдіреді.

Анықтама үшін:
ВТБ Тобының банкоматтар желісі 5 500 дарақтан астамды құрайды, олардың 4 500 дарағынан астамы Ресейде орналасқан.

ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕБ - бұл ең ірі ресейлік ВТБ Банк ААҚ-ның 100% еншілес Банкі.
ВТБ Тобы – ТМД, Еуропа, Азия және Африканың 19 еліндегі 20 шақтыдан астам банктер мен қаржы компаниялары. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%).
ВТБ Банктің (Қазақстан) Жарғылық капиталы 20 млрд. теңгені құрайды.