Банк ВТБ (Қазақстан) Қостанай қаласында филиалын ашты

26.09.2011

2011 жылдың 26 қыркүйегінде Банк ВТБ (Қазақстан) өз филиалын Қостанай қаласында ашты. Филиал ғимараты 1-мамыр к-сі, 126-үй мекенжайындағы әкімшілік орталықта орналасқан.

14.jpgАуданы 850 ш.м. асатын филиал ғимаратында заңды және жеке тұлғаларға қызметтер көрсетілетін болады. Қостанай қаласында жұмыс істейтін ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындары, шағын және орта бизнес субъектілері енді Банк ұсынатын барлық қызметтерді: есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, несие беру, саудалық қаржыландыру, «Банк-Клиент» қашықтықтан қызмет көрсету және т.б. пайдалана алатын болады.

Жеке клиенттерге банк қызметтерінің барлық түрлері – шұғыл салымдар, алуан түрлі несие беру, Western Union, SWIFT, Contact, Юнистрим ақша аударымдары, валюта айырбастау мен конверсиялау операциялары және т.б. қызметтер ұсынылады.

Мұнымен қоса, Банк ВТБ (Қазақстан) барлық бөлімшелері, Қостанай қаласындағы Филиал клиенттерге ыңғайлы жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейтін болады: дүйсенбі-жұма (сағат  09.00-20.00), сенбі (сағат 09.00-15.00) күндері, түскі демалыссыз, жексенбі - демалыс 

Бүгінде Қостанай облысында 17 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді.
Сергей Гусаров, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқармасының Төрағасы: «Аймақтағы банк секторындағы үлкен бәсекелестік бізді жоғары деңгейде жұмыс істеуге міндеттейді. Біз тек кәсіпқойлардан құралған командамызбен мықтымыз және ресейлік ірі ВТБ Тобының бөлшегі болу Банктің бәсекелік артықшылықтарының бірі болып табылады. 

 


Анықтама үшін:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ресейлік  Банк ВТБ ААҚ  100% еншілес Банкі .
ВТБ Тобы  – ТМД, Еуропа, Азия мен Африканың 19 еліндегі 20 астам банк пен қаржы компаниялары. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%).
Банк ВТБ (Қазақстан) жарғылық капиталы 20 млрд. теңгені құрайды.
ҚР аумағында еншілес Банк 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күні Банктің  Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Семей, Тараз, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, Қызылорда қалаларында 13 филиалы ашылған.
Fitch Ratings агенттігі Банкке «BBB-» деңгейіндегі халықаралық рейтинг/ болжам «Тұрақты» тағайындады. Бұл оның оң көріністі әрі тұрақты қаржылық жағдайының айғағы.