Банк ВТБ (Қазақстан) Орал қаласында филиалын ашты

26.09.2011

2011 жылдың 26 қыркүйегінен  бастап, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ  Орал қаласында жұмыс істей бастады.
Банктің әмбебап бөлімшесі Молдағалиев к-сі, 18-үй мекенжайында 7 қабаттық бизнес-орталық ғимаратында ашылды.

13.jpgІшінде операциялық залы, клиенттерге жайлы болу үшін және құпиялықты сақтау үшін арнайы жабдықталған бөлмелері бар кассалар желісі, клиенттерді қабылдап, оларға қызмет көрсететін бөлмелері бар филиал ғимаратының жалпы ауданы 330 ш.м. құрайды.

Орал қаласында жұмыс істейтін ірі және орташа кәсіпорындар, шағын және орта бизнес субъектілері енді Банк ұсынатын барлық қызметтерді: есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, несие беру, саудалық қаржыландыру, «Банк-Клиент» қашықтықтан қызмет көрсету және т.б. пайдалана алатын болады.


Жеке клиенттерге банк қызметтерінің барлық түрлері – шұғыл салымдар, алуан түрлі несие беру, Western Union, SWIFT, Contact, Юнистрим ақша аударымдары, валюта айырбастау мен конверсиялау операциялары және т.б. қызметтер ұсынылады.

Банк ВТБ (Қазақстан) Орал қаласында ашылған әмбебап филиалының артықшылықтарының бірі –  жоғары деңгейдегі қызмет көрсетілу, әр клиентке жеке қызмет көрсету, икемді тарифтер мен есеп айырысу-кассса операцияларын жүргізу үшін ыңғайлы жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма (сағат 09.00-20.00), сенбі (сағат 09.00-15.00), түскі үзіліссіз.

Орал қ. –  халқының саны 200 000 мыңнан асатын ірі әкімшілік орталық. Орал қаласында энергетика, машина құрылысы, тамақ, ұн тарту өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсіп салалары дамыған. Қала экономикасында Орал қаласынан 150 шақырымда орналасқан Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнының алатын орны ерекше. Бұл республика аумағында газ өндірісі ғана емес, сұйық көмірсутек өндірісімен айналысатын маңызды нысан.

Сергей Гусаров, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқармасының Төрағасы: «Біз өз қызметімізді  Батыс Қазақстан өңірінде жүргізуге және өз клиенттерімізге жақынырақ болуға мүдделіміз. Біз осы өңірдегі компаниялар мен тұрғындарға оңтайлы әрі тиімді өнімдерді ұсынуға дайынбыз.  

 

Анықтама үшін:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ресейлік  Банк ВТБ ААҚ  100% еншілес Банкі .
ВТБ Тобы  – ТМД, Еуропа, Азия мен Африканың 19 еліндегі 20 астам банк пен қаржы компаниялары. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%).
Банк ВТБ (Қазақстан) жарғылық капиталы 20 млрд. теңгені құрайды.
ҚР аумағында еншілес Банк 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күні Банктің  Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Семей, Тараз, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, Қызылорда қалаларында 13 филиалы ашылған.
Fitch Ratings агенттігі Банкке «BBB-» деңгейіндегі халықаралық рейтинг/ болжам «Тұрақты» тағайындады. Бұл оның оң көріністі әрі тұрақты қаржылық жағдайының айғағы.