Банк ВТБ (Қазақстан) ипотекалық несие бере бастады

26.09.2011

2011 жылдың 26 қыркүйегінде ірі Ресей банкінің еншілес банкі – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ тұрғын үй мен коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алуға ипотекалық несие бере бастады.

VTB08-0071.jpgҚарыз сомасы –  1,5 млн теңгеден 75 млн. теңгеге дейін, ипотеканы АҚШ долларында, Ресей рублінде де алуға болады. Несие берілетін мерзім – 12 айдан 20 жылға дейін.

Қазақстандық Банк ВТБ үшін жаңа өнім – ипотекалық несие нарықтағы жағдайды талдау негізінде құрастырылған. Банк клиенттердің тілектерін, басқа банктердің шарттары мен тарифтерін, бөлшек Банк ВТБ24 (Ресей) тәжірибесі мен технологияларын есепке алды, жеке тұлғалар үшін бәсекеге қабілетті әрі тиісті несие ұсынады.

Сергей Гусаров, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы: «Ипотека – Банкіміздің бөлшек бағыт желісіндегі басым өнім, бұны іске қосу қазақстандық еншілес Банк қаржы нарықтарындағы берік орындарын, халықаралық тәжірибесі мен танымалдылығын үйлестіре алатындығын растайды, ал бұл күшіміз бен сенімділігіміздің кепілдігі».


Анықтама
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ  - Ресейдің ірі Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес Банкі.
ВТБ тобы – ТМД, Еуропаның, Азия мен Африканың 19 еліндегі 20-дан астам банк пен қаржы компаниясы. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%).
Банк ВТБ (Қазақстан) жарғылық капиталы  - 20 млрд. теңге.
ҚР Банк 2009 жылдың 1 шілдесінен бері жұмыс атқарып келеді. Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Семей, Тараз, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, Қызылорда, Орал, Қостанай қалаларында 15 филиалы ашылды.
Банк түрлі бөлшек несиелер ұсынады: шағын және орта бизнесті қаржыландыру, 3 000 000 теңгеге дейін кепілсіз және жылжымайтын мүлік кепілге алынып берілетін несиелер, сондай-ақ автонесиелер.