Банк ВТБ (Қазақстан) Қызылорда қ. филиал ашты

21.09.2011

2011 жылғы 21 қыркүйекте Банк ВТБ (Қазақстан) Қызылорда қаласында Абай даңғылы, 58-үй мекенжайында орналасқан филиалын ашты. Жалпы алаңы 450 шаршы метр кеңседе корпоративті және жеке клиенттерге банктік қызметтер: есептік-кассалық қызмет көрсету, несие беру, саудалық қаржыландыру, «Банк-Клиент» қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі және т.б. ұсынылады.

16.jpgЖеке клиенттер Банк ВТБ (Қазақстан) қызмет көрсету артықшылықтарын бағалай алады және барлық өнім тізбесін: жедел салым ашу, кепілсіз несие немесе жылжымайтын мүлікті немесе автомобильді кепілге қойып заем алу, автомобильді сатып алуға, шағын бизнесті дамытуға несие алу, ақшалай аударымдарды жүзеге асыру, айырбастау және конверсиялық операцияларды және т.б. пайдалана алады.

Қызылорда қаласы Қызылорда облысының әкімшілік орталығы болып табылады, халқының саны 200 000 астам. Аймақта құрылыс материалдарының зауыты белсенді жұмыс жасайды, уран кенін өндіру және алу дамуда, жеңіл және тағам өнеркәсібінің көлемдері қарқынды дамуда. Облыста ауыл шаруашылығы -  күріш және бақша алқаптары кеңінен дамытылған. 1980 жылдардың орта шенінен бастап аймақта мұнай және газ өндірісі қолға алынды.
Облыс аумағында ғаламдық ғарыш айлағы – «Байқоңыр» космодромы орналасқан, сонымен қатар Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзиттік автожолының қазақстандық жолының елеулі бөлігі (2 245-тің 817 км) өтеді.
Қызылордада республикамыздағы ең ірі көп салалы аурухана кешені орналасқан. Қазіргі таңда Қызылорда қаласы Қазақстанның елеулі өнеркәсіптік және мәдени орталықтарының бірі болып табылады.

Банк ВТБ (Қазақстан) Қызылорда қаласындағы универсалды филиалының артықшылығының бірі – қызмет көрсетудің жоғары деңгейі, әрбір клиентке ерекше ілтипат, оңтайлы тарифтер мен жұмыстың қолайлы кестесі: дүйсенбі жұмада (09.00-20.00 сағат), сенбіде (09.00-15.00 сағат), түскі үзіліссіз жұмыс істейді, жексенбі – демалыс.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы, Сергей Николаевич Гусаров: «Біздің бәсекелестік артықшылығымыз – бұл БТВ тобының қуаты және кәсіби мамандар командасы, осылардың арқасында біз әлемнің 19 елінде клиенттерімізге өз қызметтерімізді ұсына аламыз. Кезекті филиалымызды Қызылорда қаласында аша отырып, біз аясы міндетті түрде кеңейтіліп тұратын, тиімді әрі бәсекелестік қабілетке ие өнімдерімізді ұсынамыз».

 

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ  – Ресейдің ірі банкі – Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкі.
ВТБ тобы – бұл ТМД, Еуропа, Азия және Африканың 19 еліндегі 20-дан астам банктері мен қаржы компаниялары.
ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%)
Банк ВТБ (Қазақстан) Жарғылық капиталы 20 млрд. теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасында еншілес Банк 2009 жылғы 01 шілдеден бері жұмыс жасап келеді. Қазіргі сәтте Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Семей, Тараз, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, Қызылорда қалаларында 13 филиалы ашылды.
Банкке «Fitch Ratings» агенттігінің «ВВВ-»/болжам – «Тұрақты» - деңгейіндегі халықаралық рейтингі берілген, бұл оның оң және тұрақты қаржы жағдайын растайды.