Банк ВТБ (Қазақстан) Талдықорған қ. филиал ашты

21.09.2011

2011 жылғы 21 қыркүйекте Банк ВТБ (Қазақстан) Талдықорған қаласы, Ақын Сара көшесі, 155-үй мекенжайы бойынша орналасқан, қаланың әкімшілік-іскерлік ауданының қақ төрінде өзінің жаңа он екінші филиалын ашты.

15.jpgБанк ВТБ Қазақстанда өз қызметін бастаған 2 жыл 3 айдың ішінде 11 филиалы мен Алматы қаласындағы 4 сауда нүктелерін халыққа ұсынды. Талдықорған филиалының ашылуы – бұл филиал желісін белсенді дамытуға бағытталған стратегиясын іске асырудың кезекті белесі.

Талдықорған қаласында жұмыс жасайтын кірі және ұсақ кәсіпорындар, шағын және орта бизнес субъектілері Банк ұсынатын барлық қызметтер кешенін: есептік-кассалық қызмет көрсету, несие беру, саудалық қаржыландыру, «Банк-Клиент» қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі және т.б. қызметтерді алады. 

Жеке клиенттер сонымен қатар, Банк ВТБ (Қазақстан) қызмет көрсету артықшылықтарын бағалай алады және барлық өнім тізбесін: жедел салым ашу, кепілсіз несие немесе жылжымайтын мүлікті немесе автомобильді кепілге қойып заем алу, автомобильді сатып алуға, шағын бизнесті дамытуға несие алу, ақшалай аударымдарды жүзеге асыру, айырбастау және конверсиялық операцияларды және т.б. қолдана алады.     

Банк ВТБ (Қазақстан) Талдықорған қаласындағы универсалды филиалының артықшылығының бірі – қызмет көрсетудің жоғары деңгейі, әрбір клиентке ерекше ілтипат, оңтайлы тарифтер мен жұмыстың қолайлы кестесі: дүйсенбі жұмада (09.00-20.00 сағат), сенбіде (09.00-15.00 сағат), түскі үзіліссіз, жұмыс істейді, жексенбі – демалыс.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы, Сергей Николаевич Гусаров: «Біз Талдықорған қаласының қонақтары мен тұрғындарын жаңа Банк – ірі ресейлік ВТБ еншілес банкіне шақыруға қуаныштымыз. Небары екі жыл ішінде біз Қазақстанның 11 қалаларында өз филиалдарымызды аштық және қазақстандық ВТБ өсу қарқынын мақтан етеміз. Талдықорғанда филиалды аша отырып, бизнес өкілдері мен жеке клиенттер тарапынан үлкен қызығушылық күтеміз және жоғары деңгейде қызмет көрсетуге ниеттіміз».  


Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ  – Ресейдің ірі банкі – Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкі.
ВТБ тобы бүгін – ТМД, Еуропа, Азия және Африканың 19 еліндегі 20-дан астам банктері мен қаржы компаниялары. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%).
Банк ВТБ (Қазақстан) Жарғылық капиталы 20 млрд. теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасында Банк 2009 жылғы 01 шілдеден бері жұмыс жасап келеді. Қазіргі сәтте Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Семей, Тараз, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, қалаларында 12 филиалы ашылды.
Банкке «Fitch Ratings» агенттігінің «ВВВ-»/болжам – «Тұрақты» - деңгейіндегі халықаралық рейтингі берілген, бұл оның оң және тұрақты қаржы жағдайын растайды