Банк ВТБ (Қазақстан) командасы VII Спартакиадаға қатысты

10.09.2011

3.jpg2011 жылғы 10 қыркүйекте Мәскеуде Лужники олимпиада спорт кешенінде ВТБ VII Спартакиадасы өтті. Бұл Ресейдің жетекші банктерінің бірі қызметкерлері үшін өткізіп жүрген дәстүрлі корпоративтік спорт мерекесіне айналды. Бұл күні спорт алаңына Ресей, Қазақстан, Украина, Белоруссия, Грузия, Армения, Германия, Англия, Франция, Вьетнам, Үндістан сияқты тағы да басқа әлемнің он бірден астам елінен және РФ қалаларынан ВТБ Тобының спортшы қызметкерлері шықты. Еншілес банктерден басқа Спартакиадаға Банк ВТБ24, ВТБ Капиталл, ВТБ Страхование, ВТБ Пенсионный фонд, ВТБ Факторинг сияқты аффилиирленген компаниялар да белсене  ат салысты.

5.jpgСпартакиада мини-футбол, стритбол, волейбол, жеңіл атлетикалық жүгіріс, ату, картинг, шахмат, боулинг, отбасылық старттар сияқты спорттың тағы да басқа командалық және жеке түрлерінің арасында өткізілді. Спорт бөлігінен басқа арнайы балалар бағдарламасы мен чирлидерлер байқауы (қолдау тобы) ұйымдастырылды. 

Спартакиаданың әуесқойлар алаңына спорт жұлдыздары (Татьяна Попова – мәскеулік Динамо және Ресей құрамасының баскетболисті, Еуропа чемпионы, Винисиус – «Динамо» МФК шабуылшы, Бразилия тобының көшбасшысы), спорт шенеуніктері (Валентин Балахничев – бүкіл ресейлік атлетика федерациясының Президенті, т.б.) келді.

Андрей Леонидович Костин - Банк ВТБ ААҚ Президенті-басқарма төрағасы – Ресей Спартакиада қатысушыларына бейне құттықтауын жіберді. Ашылу салтанаты кезінде Банк ВТБ ААҚ – Ресей президентінің бірінші орынбасары – басқарма төрағасы Василий Николаевич Титов сөз сөйледі.

6.jpgБасқарма төрағасы Сергей Николаевич Гусаров бастаған 17 адамнан құралған Банк ВТБ (Қазақстан) командасы мини-футболдан, стритболдан, жеңіл атлетикалық жүгірістен, атудан, картингтен және шахматтан жарысқа қатысты. «Осындай шаралардың арқасында корпоративтік рух көтеріліп, ауызбіршілігіміз артады. Бүкіл дүниежүзіндегі ВТБ тобының қызметкерлерін – спорт әуесқойларын бір спорт  алаңында жинау – маңызды қадам. Қазақстандық Банк ВТБ  Спартаикадаға алғаш рет қатысып отыр, осы шарада ат салысқанымызды мақтан етеміз», - деп атап өтті Сергей Гусаров.

Корпоративтік спорт – табысты команданың өзін-өзі көрсету әдісі, жаңа жеңістерге ұмтылу, әріптестерімен жүргізілген адал күрес. Спорттық корпоративтік іс-шаралар өткізу барысында біртұтас команданың, «көшбасшылар» командасының ауызбіршілігі, бизнес ішінде стратегиялық байланыс жүйесін құру міндеттері шешіледі. Компанияның беделі артып, спорт күресі талаптарында ішкі және сыртқы корпоративтік байланыс нығаяды.
Ұлттың денсаулығы туралы ойлап, балалар-жасөспірімдер спортын ғана емес, әуесқой спортты насихаттайтын ВТБ тобының әлеуметтік бағытын көпшілік біледі. Бұл Спартакиада -  барлық корпоративтік құрылымдар үшін қызметкерлерінің денсаулығын жақсартып, дене шынықтырумен айналысу үшін барлық жағдайлар жасай білу үлгісі.

 

Анықтама

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ  – ірі, орта, шағын бизнес клиенттеріне бағытталған әмбебап Банк. Бүгін Банк ҚР 11 қаласында 15 сату орнымен танытылған, 2011 жылдың соңына дейін 23 кеңсеге қол жеткізу жоспарлануда.

Банк ВТБ ААҚ мен еншілес ұйымдары (ВТБ тобы) жетекші Ресей қаржы тобы болып табылады. ВТБ негізгі акционері – акционерлік капиталдың 75,5% тиесілі РФ Үкіметі. ВТБ тобы дүниежүзінің 19-дан астам елінде қатысады.