Банк ВТБ (Қазақстан) Көкшетау қ. филиалын ашты

24.08.2011

2011 жылғы 24 тамызда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Көкшетау қаласындағы филиалы жұмысын бастады.
Филиал Горький көшесі, 4-үй мекенжайы бойынша қала қонақтары мен тұрғындарына есіктерін айқара ашты. Жалпы ауданы 400 ш.метр болатын үй-жайда корпоративтік және жеке клиенттерге банктік қызметтер ұсынылады.

_DSC0425.jpgБанк ВТБ (Қазақстан) Республикадағы филиалдық желісін кеңейтуін жалғастыруда. Филиалдың осы қалада ашылуы орта және ірі кәсіпорындарға, қаржы-өнеркәсіптік топтарға, олардың бөлімшелеріне Банк ұсынатын бүкіл қызметтер кешенін алу мүмкіндігін береді.
Сонымен қатар жеке клиенттер Банк ВТБ (Қазақстан) қызметтерінің артықшылықтарын бағалап, мерзімді салым ашу, тұтыну несиелерін (кепілсіз немесе мүлікті кепілге қойып), шағын бизнесті дамытуға несиелер алу сияқты бүкіл өнім желісін пайдалана алады.
Ыңғайлы қызмет көрсету аймақтары, кеңес беру, білікті және тәжірибелі қызметкерлердің көмегі клиенттерге түрлі есеп-кассалық операциялар жасауға, сондай-ақ банктік шоттар ашпай ақша аудару жүйелері арқылы төлем төлеуге мүмкіндік береді.

Оңтайлы жұмыс кестесі Банк ВТБ (Қазақстан) Көкшетау қаласындағы әмбебап Филиалы артықшылықтарының бірі болып табылады: дүйсенбі-жұма (сағат 09:00-20:00), сенбі (сағат 09:00-15:00), түскі үзіліссіз, жексенбі – демалыс күні.


«Осы жылдың басында филиалдық желімізді 23 сату орнына дейін кеңейтуді жоспарлап отырмыз деп мәлімдеген болатынбыз. Осы стратегиялық жоспарымызды іске асырудамыз, бүгін Көкшетаудағы жаңа филиалымызды мақтана ұсынамыз, - деп атап өтті Сергей Гусаров, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы. – Бәсеке артықшылығымыз – кәсіби мамандар тобы мен ВТБ тобының күші, осының арқасында клиенттерімізге әлемнің 19 елінде қызметтерімізді ұсына аламыз. Көкшетауда филиалымызды ашып, спектрі сөзсіз кеңейтілетін, тиімді әрі бәсекеге қабілетті өнімдер ұсынамыз.»

 

Анықтама 
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – Ресейдің ірі Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкі.
ВТБ тобы – ТМД, Еуропаның, Азияның, Африканың 19 еліндегі 20-дан астам банк пен қаржы компаниясы. ВТБ негізгі акционері  - Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%).

Банк ВТБ (Қазақстан) жарғылық капиталын 20 млрд. теңге құрайды.
ҚР Банк 2009 жылғы 1 шілдеден бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Шымкент, Тараз, Семей қалаларында 10 филиалы бар.
Банкке «Fitch Ratings» агенттігінің «ВВВ-»/болжам – «Тұрақты» деңгейіндегі халықаралық рейтингі берілген, бұл оның оң және тұрақты қаржы жағдайын растайды.