Банк ВТБ (Қазақстан) Шымкент қ. филиалын ашты

16.08.2011

Studio_Session-394-Edit.jpg2011 жылғы 16 тамызда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Шымкент қаласының қонақтары мен тұрғындарына филиалының есігін айқара ашты. Филиал қаланың іскерлік ауданында Түркістан көшесі, 65-үй мекенжайы бойынша орналасқан. Жалпы ауданы 400-ден астам шаршы метр болатын жеке тұрған ғимаратта түрлі клиенттерге сапалы әрі жан-жақты қызмет көрсетуге бағытталған арнайы дайындықтан өткен білікті қызметкерлер штаты бар заманауи кеңсе құрылды.

Қазіргі заманғы Шымкентте жарты миллионнан астам адам тұрады, Қазақстандағы ең ірі үш қаланың қатарына жатады, Республикадағы жетекші өнеркәсіптік, экономикалық және сауда орталықтарының бірі болып табылады. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеуші және тамақ өнеркәсібінің шамамен 69 өнеркәсіптік кәсіпорны бар.

Шымкент қаласындағы филиал әмбебап филиал болып табылады, банктік қызметтердің толық кешенін ұсынады. Жеке тұлғалар үшін: есеп-кассалық қызметтен бастап несиелендіру мен ақша аударымына дейін. Заңды тұлғалар үшін: аймақтағы шағын және орта бизнесті несиелендіруден сауданы қаржыландыру жөніндегі күрделі мәмілелерді құрылымдауға дейін. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін филиал оңтайлы жұмыс кестесімен жұмыс істейді: дүйсенбі – жұма (сағат 09:00 – 20:00), сенбі (сағат 09:00 – 15-00), түскі үзіліссіз, жексенбі – демалыс күні.

Банк ВТБ (Қазақстан) өнімдер желісін кеңейтіп, филиалдық желісін белсенді дамытуға бағытталған стратегиясын жүзеге асыруын жалғастыруда.

Сергей Николаевич Гусаров -  Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы: «Шымкент сияқты Қазақстанның динамикалық дамып жатқан аймағында филиал ашу шағын, орта, ірі бизнес өкілдеріне, сондай-ақ жеке клиенттерге Банк ВТБ (Қазақстан) ұсынатын қаржы қызметтерінің бүкіл спектрін бағалау мүмкіндігін береді.»

 

Анықтама

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ  – Ресейдің ірі банкі – Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкі.
ВТБ тобы бүгін - әлемнің 19 еліндегі 20-дан астам банк пен қаржы компаниясы. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі.

Банк ВТБ (Қазақстан) Жарғылық капиталын 20 млрд. теңге құрайды. Банкке «Fitch Ratings» агенттігінің «ВВВ-»/болжам – «Тұрақты» - деңгейіндегі халықаралық рейтингі берілген, бұл оның оң және тұрақты қаржы жағдайын растайды.
Республикада Банк 2009 жылғы 01 шілдеден бері қызмет атқарып келеді. Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Атырау, Ақтөбе, Семей, Тараз қалаларында 9 филиалын ашты.